nikv568734
?>

Қазақ тілінен "асыл мұра"тақырыбына эссе керек еді

Казахский язык

Ответы

sbelova

Асыл мұра.

Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Бізде өз кезегімізде бұл құндылықтарды қастерлеп, келер ұрпаққа осы күйінде жеткізуіміз керек.  

Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.

Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.  

Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.

Ауыз тию – қазақтың ежелден келе жатқан ғұрытарының бірі. Үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.

Байғазы – балалар мен жасөспірімдер бір жаңа нәрсеге ие болғанда жақын туыстарынан байғазы сұрайтын дәстүр қалыптасқан. Байғазы сұраушының көңілін қайтармай ақшалай, не заттай сыйлық беріледі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.  

Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт-дәстүрге ерекше мән беруіміз керек.

Шарабанов
Қазақ ұлттық киімде многовековую тарих имеет, сәулетүседі
ұлттық тәжірибе еңбек қызметі
Бой ғасырлардың қазақ ұлттық киім ажыратылды
жабайылық және тиімді. Ол мінездер пішінніңтұтастығының үшін болды
халықтың барлық қабаттарының, бірақ тағайындыәлеуметтікпен және возрастной
ретте-. Сәнді киімге қию үлбірмен, кестемен, сомдады
сәндер. Дәстүрлі материалдармен ол тері, жіңішке үлбірболған 
войлок, мауыт, нешіншіні қазақтар өзі жасады. Киімді тіктіжәне привозных
материалдың - ерекшеліктің өлшеуішінің болып табылғанжібектің, баршынның, мақпал
оның иеленушісінің мұңсызы. Жаядай да пайдаланылдыжәне қарамастан
мақта-мата маталар.
Үлбірден және терілерден тондарды, нагольных тулупы,бас киімдерді, безрукавки, тікті
қысқы шаровары және әсем сырттың киімінің. Араданегізгі терілермен пользовались
домашнего малдың, козьими, айғырлармен, сиырлармен,аузын буған өгіздермен, түсірулі теріні
құрғаттырды, кейін майла- аралас айранмен (айраном)
sev-94428
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қазақ тілінен "асыл мұра"тақырыбына эссе керек еді
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

marketing6
Semenova
porotikova1004
sergeyshuvalov
lovely138887
Валуева
vdnh451
buhtovarish
pizniak
studiojanara
Borisovich-Volobueva1803
qwerty
frdf57
Анатольевич-Лариса
Созжумбак курастыр осимдиктер​
Дмитрий_Евлампиев518