Менің ана тілім қазақ тілі!
Объяснение:
Біздің мемлекеттік тіліміз ол біздің қазақ тіліміз. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. Біздің қоғамда мемлекеттік тіліміздің орны қазіргі кезде өте нашар рөл ойнайды. Еліміздің жоғары отырган басшылары, қарапайым халқымыздың өзі қазақ тілін біле тұра, басқа тілде сөйлейді. Өз тілімізге деген құрметсіздік бұл деген. Біз бірлігі жарасқан елміз. Өз тілімізді құрметтеп қорғауымыз керек. Басқа ұлттың тілінде сөйлемей оз тілімізді қастерлеп, тіліміздің тазалыгын даналығын ұмытпай болашақ ұрпаққа мұра етуіміз керек. Ел мен тілдің егіз екені ол елдің тілі ол ана тіліміз қазақ тілі. Халқымыздың орыс және басқа тілде коп сойлемей өз тілімізде сөйлеуі. Біз еліміздін тіліміздін нық әрі бекем болуы үшін маңызды қадам жасауымыз керек. Талап қоюуды жоғарыдан бастауымыз керек. Өз тілін біле тұра басқа тілде сөйлейтіндердін жалақысын азайту керек және жаза қолдану керек деп ойлаймын. Тілі жогалған елдің жұртыда жоғалады деп бекер айтылмаган. Біз тілімізден айырылсақ қазақ тілі ұмытылып кетеді. Сондықтан манызды қадамдар жасап тілімізді сақтауымыз керек ел болып халық болып. Тіл ол балаларымызға мұра болып қалатын ең жогарғы құндылық. Тілімізді жогары багалап құрметтеп қастерлеуіміз керек
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тауларда қандай аңдар тіршілік етеді
Тауларда тіршілік ету ортасы әртүрлі болып келеді. Тау шыңдарында қоршаған ортаның температурасы төмен, ультракүлгін сәулесінің деңгейі жоғары болады. Климат өзгерген сайын ондағы флора мен фауна да өзгере түседі.
Жануарлардың көпшілігі төменгі биіктікте өмір сүреді, тек жануарлар дүниесінің ең төзімді өкілдері ғана тауларда кездеседі.
Сонымен, тауларда кездесетін жануарларға тоқтала кетсек:
1. Қоңыр аю – 5000 м биіктікке дейін кездеседі. Қоңыр аюлар қалың жүні мен тауға көтерілуіне бейімделуімен жоғары биіктікте кездеседі. Олар ақ аюлардан кейін жердегі ең ірі жыртқыш аң болып табылады және салмағы 750 кг дейін өседі. Қоңыр аюлар жидектермен, шөптермен, бұталармен, жаңғақтармен, жәндіктермен, сондай-ақ сүтқоректілермен қоректенеді.
2. Тибет түлкісі – бұл жануарлар тас астындағы індерінде өмір сүреді. Ұзындықтары 70 см, ал салмақтары 4 кг дейін жетеді. Жүндері қызғылт түсті келеді.
3. Гималай суыры бүкіл Гималай таулары мен Тибет үстіртін мекендейді. Бұл жануарлар топтасып, терең қазылған індерде тұрады. Жүндері қоңырқай түсті, басы мен кеудесінде сарғылт дақтары болады.
4. Жабайы қодастар – бұл ірі жабайы жануарлар. Олардың салмағы 1000 кг асады, ал ұзындығы 3 м дейін жетуі мүмкін. Жүндері қатты, әрі ұзын болып келеді. Сол себепті суықтан жақсы қорғайды. Олар көбіне тундрада 6000 м биіктікке дейінгі жерлерді мекендейді.
5. Тибет антилопасы – ұзындығы 65 см, ал салмағы 16 кг дейін жететін жабайы жануар. Көбіне Тибет үстіртін мекендейді. Альпі шалғындары мен далалары - бұл жануарлардың негізгі тіршілік ету ортасы. Кішігірім топтарда өмір сүреді, бұларға негізгі қауіп төндіретін жыртқыш – қасқыр.