Шығарма.
Спорт - денсаулық кепілі.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Өнерлі жігіт өрде озар өнерсіз жігіт жер ақыл көпке жеткізеді өнер көкке өнерлінің алтын өлеңшінің алтын өнерлінің өзегі шаштараз сақал түзетер өнерпаз шаһар өнерлі ешкі
Өнерсіз жігіт жер согар
Ақыл көпке жеткізер
өнер көкке жеткізер
Өнерлінің қолы алтын
өлеңшінің сөзі алтын
Өнерлінің өзегі талмас
Шаштараз сақал түзетер
Өнерпаз шаһар түзетер
Өнерлі адам ешкімге жалынбайды