kotofei147516
?>

Небольшой сочинение на тему уақыт-күш. 30

Казахский язык

Ответы

sisychev

Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ. 
Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт. 

Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - а берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады. Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер!

Varezka86179
Табиғатта түрлі ауруларға шипа болатын минералды сулар болады. Бұл суларды ішу, шомылу арқылы емге пайдалану ертеден-ақ белгілі болған. Судың шипалық қасиеті ондағы еріген заттардың мөлшеріне қарай анықталады және олар салқын, жылы, ыстық күйінде кездеседі. Минералды сулар денедегі ісіктерге қарсы, жүйке жүйесін нығайту, қан тамырын кеңейту, өт пен ішті тазалау, тамақтың қалқанша безінің, өкпе-бауырдың қызметін жақсарту және т.б. көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам минералды су көзі анықталып, көпшілігі ел игілігіне жаратылуда. Мысалы: "Алмаарасан", "Қапаларасан", "Сарыағаш", "Мерке" т.б. Соның біріне ғана тоқталайық."Алмаарасан" минералды суы. "Алмаарасан" – жер асты ыстық суы. Алматы облысы Қарасай ауданында (Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде) орналасқан. Құрамында кремний көп, яғни, емдік қасиеті бар суларға жатады. Судың өзіне тән иісі бар. 1951-53 жылдары бұрғыланған 5 ұңғымадан су өздігінен атқылап шыққан. Судың температурасы Цельсий шкаласы бойынша +33-38 градус. Алмаарасан минералды суы негізінде 1932 жылдан бері "Алмаарасан" шипажайы жұмыс істеуде. Онда аяқ-қол, буын, тері және асқазан ауруларын емдейді.Артезиан сулары
Жер астынан артезиан суын пайдалану үшін құдық қазылады немесе бұрғыланған ұңғымалар жасалады. Қазақстанда артезиан құдығы ХІХ ғасырдан бастап қазылды. Артезиан құдығының қабырғасы берік болса шегенделмейді.  Ал қабырғалары қиыршық тас, құм тас, малта тас немесе борпылдақ, сусымалы болса таспен, ағашпен шегенделеді. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен жүздеген метр тереңдікке дейін бұрғыланып, темір немесе құйматас құбырлар орнатылу жұмыстары қолға алынған.
expo3217
Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар.Менің арманым-әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді.Бірақ бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.Жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші армансыз адам да болмайды.Қазіргі арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты жақсы бітіру.Ата-ана баланың көз қуанышы,бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.Арманымыз биікте болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып,шарықтау шегіне жетейік достар!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Небольшой сочинение на тему уақыт-күш. 30
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Есартия52
Anastasiya
kuliba
Смирнов_Андрей691
staskamolbio5152
Ligaevruslan
vasiliyglukhov
slonikkristi69
ekb676
hr2251
naromanova
zmlavra
siger06297
lyukiss
Пономаренко