madjk
?>

Сочинение на тему толағай тауы по казахской

Казахский язык

Ответы

fialkaflowers77
Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклорлық экспедициясы Тарбағатай өңірінен жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
modno-trikotazh

Мағауинның "Бір атаның балалары" атты шығармасын оқып, мен Зигфрид деген баланы аядым, оның ұлты неміс болдғандықтан, оны ешкім өз отбасына алғысы келмеді. Бұл әділетсіз,себебі ол баланың ұлты неміс болғанына кінәлі емес. Бұл оқиға соғыс кездері орын алған, баланың ата-анасы болмай, ол балалар үйіне жіберілген. Кейін төраға балаларды әркім үйлеріне алсын деген бұйрық берді.Бір қария осы Зигфридты мен алайын, менің балам соғыста қаза болды деді. Олар ұзақ уақыт бойы бірге тұрды. Бір күні ауылдың балалары оны қазаншұңқырдың қасына ойнауға шақырды. Зигфрид балалардың сана сезімі дұрысталды деп ойлап,ойнауға барды.Балалар оның үстіне балшық шашып тастап, ол жылады. Маған осы шығарма өте ұнады,себебі мейірімді адамдар өмірде әлі де бар екен және олар байғұс баланың тағдырына немқұрайды қарамайтынына көзім жетті.

Некрасов Валентина1097

Объяснение:

Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжағаны белгілі. Олар ерте кезден ауа райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардан аман сақтау үшін ерте қамданып отырған. Ауа райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған. Оны атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на тему толағай тауы по казахской
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

alicia179
Дмитрий Бундин
dianabuchkina
sashab82
alenaya69918
lele4kass
e9rebrova
sashakrotova943
leonidbaryshev19623
Sergei248
Yurevich1291
roma8
И.Д.1065
elenaperemena8
snabomp