Анна1417
?>

Информация про черный тюльпан на казахском языке

Казахский язык

Ответы

marketing601
Қызғалдақ[1] (лат. Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.[2] Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
denchiklo2299667

Кеңес дәуірінде қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл-қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі - Хиуаз Доспанова.

1922 жылдың мамыр айының 15-інде Атырау облысында дүниеге келген Хиуаз Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы.

Оның жастық шағы мен өмірінің басым бөлігі мықты насихаттық идеологияны ұстанған Кеңес заманымен тұспа-тұс келді. Басқа-басқа, Кеңес өкіметінің кезінде Одақ үшін отқа да, суға да түсуге бар жанкешті ұрпақ тәрбиелей білгендігін кімде болса мойындайтыны хақ. Хиуаз да Отанын шын сүйген сол кездегі албырт жастардың бірі болатын. Кеңес заманындағы авиацияның жетістіктері мен ұшқыштардың сан түрлі ерлік істері жөніндегі үгіт-насихат қазақ қызының да осы салаға деген ынтызарлығын оятқан. Осындай ой-қиялдың тұңғиығында жүрген қағілез де пысық қыз ақыры дегеніне жетіп, 1940 жылы мектепті үздік деген бағамен бітірген. Ол тек мектепті ғана тәмәмдап қоймай, запастағы ұшқыш деген куәлігін қоса ала шығады. Енді өзінің ұшқыш болатындығына сенімі нығая түскен, оқудан соң тура Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болған оның алғашқы қадамы сәтсіз болады. Бұған налыған Хиуаз ба? Ол бірден Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Мұнда жүргенде де өр мінезді, қайсар қыз қатарының алды болады. Сабақты жақсы оқығанымен қоймай, ол гимнастикамен де айналысып, қоғам өміріне де белсене атсалысады. Студенттік өмірдің қызығына батып жүрген бақытты күндерді соғыс деген тажал бұзады. Бұл кезде Хиуаздың сессиясын аяқтап, жазғы демалысқа дайындалып жүрген кезі болатын. Ел басына күн туған шақта ол еліне барып, демалып жатқанды әбес көріп, құрбы-құрдастарымен бірге Мәскеу қорғанысын қамтамасыз ету жұмыстарына атсалысады. Олар алдымен Метрострой жүйесінде болып, кейіннен Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің қарамағына өтеді.

sotrudnik3

А берілген баға жетпес құндылықтардың бірі-уақыт.

Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез-келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. А уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатынын жақсы біледі.

Тіпті қалалардағы автобус пен көлік аялдамаларынан жүру мезгілдерінің «15:05», «13:15», «20: 12» сияқты әрбір минутқа дейін есептеулі екенін байқап, таң қаламыз. Көліктері де сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут озбайды.Біздерден сағат сұрағанда « Тоғыздан он бес минут кетті » десең, «Е, тоғыз жарым десейші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Информация про черный тюльпан на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Грачева мураховская
sssashago8
ag-modul
annodomini1
лукашова940
leonidbaryshev19623
Корягина
Егорова
mikhisakov2017
komarov-dmitriy
deputy810
marinazubcko16729
Ахмедшина Трубников1249
gennadevna
Mikhail1369