vera4
?>

Составьте сочинение про наурыз на казахском по вопросам что за праздник наурыз? когда празднуют? какие блюда готовят? в какие игры играют?

Казахский язык

Ответы

ranocchio6
Наурыз-жыл басы.Наурыз күн мен түннің теңелген күні.Наурыз мерекесі -22 наурызда тойланады.Наурыз мерекесін тойлау үшін неше түрлі тағамдар әзірленеді Бұл күні киіз үйлер қойылып , дастарқан жайылады..Дастарқанның басты асы--Наурыз көже.Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.,,Наурыз көжені тойып ішу керек ,сонда жыл бойы тоқшылық болады І,, деген сенім бар.Дастарқанға одан да басқа қазақтың ұлттық тағамдары қойылады.Барша халық бұл күні бір-бірін мерекемен құттықтайды.Наурыз күні алтыбақан құрылады, ән шырқалып би биленеді.Қазақ халқынық әртүрлі ойындары ойналады, қыз  қуу, көкпар ,бәйге .
kv135549
Нұрмағамбетов ТынымбайЛитература10.06.1945, Қызылорда обл.Жазушы, киносценарист, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері«Қауын иісі» – ауыл тыныс-тіршілігінің кең полотносын жасаған әңгімелер жинағы. Онда ауыл адамдарының болмысы мен тағдыры дәуір тынысымен диалектикалық байланыста беріледі. Жазушы әңгімелерінде қазақы дүниетаным мен жаңа қоғамдық қатынас арасындағы қайшылықтар, ауыл адамдарының психологиясындағы, іс-әрекетіндегі заманауи өзгерістер жан-жақты, алуан қырынан көрсетіледі. Алғашқы әңгіме-повестерінде кеңестік саясат, кейінгі әңгімелерінде жаһандану әкелген келеңсіздіктердің ұлттық құндылықтарға тигізген зиян-залалы шыншылдықпен көсетіледі. Қаламгер шығармалары нәзік лиризммен бірге жеңіл юмормен, кейде ащы сарказммен  көмкеріліп отырады. Сондай-ақ ол ара-тұра әлемдік әдебиеттегі модернистік бағыттарға тән көркемдік тәсілдерді да қолданады.
zakupka-marion

Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын!...- деп ұрандап өткен Алаш қайраткерлері өн бойыңа елге деген сүйіспеншілік сыйлайды.Алаш қозғалысы,Алаш автономиясы атты тарихи оқиғалардың тарихымызда алар орны зор.Сол Алаш қозғалысы кезінде талай қайраткерлер елім, жерім деп,қуғынға ұшырап қаза тапқан.Сондай алаштың ардақты азаматтарының бірі,қасына талай ұлтжанды қазақты жия білген тұлға – Әлихан Бөкейханов болды.

Әлихан Бөкейханов – қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға,ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым,аудармашы.Оқу оқып жүргеннің өзінде-ақ оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады,елдің тұрмысын, мәдениетін,білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қойған екен.Әлихан Бөкейханов хан ұрпағынан болды.Сол себепті де Әлихан туған халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы ретінде өзін айыпты сезінді, кең сахара даласында емін-еркін ғұмыр кешкен, өзіндік салт-дәстүрі, мәдениеті бар халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп жіберген алдыңғы хан-сұлтандардың бар кінәсі мен халқының келешек тағдыры үшін бар жауапкерлікті өз мойнына алды. Әлихан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» - деп жазды. Әлихан соңғы демі біткенше осы сертіне адал болып қалғандығынан алаштың өр тұлғалы азаматы екендігіне көз жеткіземіз.Оның есімі мәңгі біздің жадымызда қалады деп білемін.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составьте сочинение про наурыз на казахском по вопросам что за праздник наурыз? когда празднуют? какие блюда готовят? в какие игры играют?
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Алена-Петрова285
eizmaylova6
airlineskozlova69
Alekseevich_Elena
plv-57
dariagromova54
Columbia777
алексей-Ветошкин
Олег2014
Yuliya-Tsaryova
chechina6646
akustov55
appmicom
Дмитрий_Евлампиев518
sergeylive