Аношкина1696
?>

Тирек создерден монолог курау мен.тауелсиз ел, уланы, казакстан 1991 тауелсиздик ата баба арманы елбасы бакытты шак алемге танысу

Казахский язык

Ответы

bellatrixstudio

Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп өсиет қалдырған екен. Бұдан өскелең ұрпақ тәрбиесінің бір ғана балабақша мен мектепте алған тәлімінің шеңберімен шектеліп қалмайтынын ұғынамыз. Расында ел ертеңі келешегінің кемел болмағы, ең алдымен, отбасындағы ата-анасының көрсеткен үлгі-өнегесіне тікелей байланысты. Өйткені ата-бабамыз «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған ғой. Сондықтан Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Отан отбасынан басталады» десек, ертеңгі ел тізгінін ұстар жастардың бойына дарытуға тиісті ұлтжандылық, отансүйгіштік секілді баға жетпес басты құндылық та ананың ақ сүті мен әлди әнінен басталып, әкенің ақыл-парасатымен жалғасын тауып жатуы тиіс. Бұл «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп дана Мұхтар Әуезов өсиеттеп кеткендей, тәрбие тал шыбығының тал бесіктің тербелісімен жетілетіндігін көрсетсе керек.

Әрине, бұдан бала тәрбиесінен мемлекеттік мекемелер тыс қалуы қажет деген қорытынды шығармау керек. Егер психолог мамандар әлдеқашан дәлелдегендей, адам ғұмырының сәби шағында көргені, көңілге түйгені оның бүкіл өмірі қ маңызды орын алатындығын, яғни тұлға ретінде қалыптасуы үшін алғашқы құйылған іргетасы іспеттес екендігін ескерсек, онда бала міндетті түрде балабақшадағы тәрбие баспалдағын басып өтуі тиіс. Сонда ғана балғын сана-сезім көпшілік ортаға бейімделіп, тез жетіліп, қоғамды жатырқамайтын, өзін сол ортадан ойып тұрып орын ала алатын азамат ретінде дайындай бастайды. Бұл орайда замана талабына сай жан жақты жарақтанған мемлекеттік мекеме өз тәрбиеленушілері үшін тағылым ошағына айнала білуі керек.

Тәлім-тәрбие тамырынан нәр алатын жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін аса маңызды орын алатын бұл екі ортаны бір-бірінен бөлек-бөлек қарастыруға болмайды. «Жабыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, отбасындағы ата-ана мен балабақша тәрбиешілері бірлесіп, қоян-қолтық жұмыс жасағанда ғана төгілген маңдай термен суарылған дәннің жақсы жеміс беретіндігі белгілі. Бірі баланы отбасылық құндылықтарға, жанұялық тіршіліктің қадір-қасиетін бағалай білуге үйретсе, екіншісі қоғамдық ортаны құрметтеуге, сол арқылы ертеңгі күні азаматтық көзқарасының қалыптасуына, ммлекет алдындағы жауапкершілігін сезінуге тәрбиелейді деп білемін.

Бұдан шығатын қорытынды: бала тәрбиесі бір ғана мектепке дейінгі мекеменің жұмысы ғана емес, ол – көпшілік болып қолға алатын ұрпақ алдындағы жауапкершілігі жоғары ортақ міндет. Олай болса, «Бала – Алланың аманаты» десек, сол аманатқа қылаудай да қиянат жасамай сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, салиқалы азамат етіп шығару баршамыздың абыройлы парызымыз. Ол үшін «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» қимылдағанда ғана уқаттан ұтылмасымыз анық.

Объяснение:

manager-3

Объяснение:

Достық[1] – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.[2]

Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі

ВТ

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Тирек создерден монолог курау мен.тауелсиз ел, уланы, казакстан 1991 тауелсиздик ата баба арманы елбасы бакытты шак алемге танысу
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

iriska-669
VadimovichSvetlana622
Мусаев Игоревич371
dushechkin2
Каныбек698
seymurxalafov05
shugayzhanna6
Филипп1054
eobmankina
fedchenkoofficial
yuliasam
Ушакова1902
Марина555
Рогов1996
ВасильевнаСергей