Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.1992 ж. маусымның 4-інде қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.
tatk00
21.06.2021
Табиғатым - аманатым
Табиғатым, тіршілігім, ырысым, Сенсіз менің тарылады тынысым. Биік - биік тауларыңа қарасам, Алшаң басып, түзеледі жүрісім.
Сенсің менің тазалығым, тұнығым, Сенсіз менің үзіледі үмітім, Сен бар жерде жыр тұнады көңілге, Сен бар кезде құлшынамын өмірге.
О, адамзат аялашы, қорғашы, Өзің туып, өзің өскен ортаны. Келе жатыр талай сәби өмірге, Ең болмаса соның жайын ойлашы.
Мен қазақпын жылқы мінез қайсарлы, Жақсы, жаман айыратын байсалды. Туған жерім, табиғатым деп бүгін, Асау тайың бар әлемге жар салды.
Ей, ағасы, іні менен бауырлар, Мен айтатын сөздеріме құлақ сал, Табиғат пен адам егіз емес пе, Өкінерсің кетсе егер келмеске.
Бар байлығым қоршап тұрған даламда, Бау - бақшалы әсем гүлді қаламда. Қолда барда алтыныңды қадір тұт, Қолдан шығып кеткенен соң қайғы жұт.
Менің ойым көк аспанды бауларда, Заңғар - заңғар көк майсалы тауларда. Өзіңді - өзің ұстап беріп жауларға, Көр соқырым бір күніңе алданба.
Қатты болса сөзім егер кеше гөр, Көк майсалы бауларыңды кеше бер. Өз бақытың, өз қолыңда тұрғанда, Белді буып бекем шешім шеше көр.
О, адамзат аман жүргің келсе егер, Қарап тұрма несібең ғой қара жер. Табиғаттың тазалығын сақтағын, Азаматтық борышыңды ақтағын.
Тал отырғыз, көгалдандыр еліңді, Үлес қосып, нәр берсейші жеріңе. "Мал қалғанша, тал қалсыншы" деген ғой Соны түсін аманат бұл атадан.
Ата - баба елі үшін аттанған, Сол кездерде бізге сеніп сақтаған. Ұрпақтардан - ұрпақтарға мұра етіп, Қазақ жерін қарашықтай сақтаған.
Ата - баба рухына бас иіп, Сөз етемін, бақ табам. Үміт артқан жас ұрпақтың өкілі, Мен екенмін, бүгінгі күн мақтанам.
Жаса, жайна уланбасын жер әлем, Бастамашыл ағаларым көреген. Туған жерім, табиғаты деп бүгін, Мен інің - ем жолдарыңды демеген.
Сеніміңді ақ жүрекпен ақтаймын, Туған жерім, топырағын баптаймын. Сеніміне ата - баба дақ салмай, Табиғатты таза етіп, әлемімді сақтаймын.
Мен ұлыңмын аманатқа берікпін, Бабалардан ұлылықты көріп шын. Жар саламын бар әлемге айқайлап, Туған жерім Қазақстан көріктім!
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Р, л арипине создер басталатын жазып жиберниздерши оте кажет
лас,ләңгі,