Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Кіндік қаның тамып, кіндік бауың кесілген, туып-өскен жер әрбір адам үшін қастерлі де қасиеттті. «Отан отбасынан басталады», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Туған жер — тұғырың, туған ел — қыдырың» деген ұлағатты сөздер Отан-Ананың қаншалықты киелі екенін білдіреді. Өсіп-өнген қара шаңырағың, аяулы ата-анаң, балалық шағыңның бал дәурені өткен ауылың, білім ұясы, туған көше, асыр салып ойнаған достарың, міне, осының бәрі туған жерге деген астық ықылас пен сүйіспеншіліктің мөлдір бастауы. Ұядан қияға ұшып, ат жалын тартып азамат боп кетсек те туған жерге деген перзенттік сезім ет жүрегіңді елжіретіп, жан сарайыңды жылылыққа бөлейтіні анық.
Иə, дəм-тұз бұйыртып менің өмір белесім əрі еңбек жолым бірлігі мен берекесі жарасқан қасиетті Талғар топырағында жалғасып келеді. Осы жерде бала-шағам өсіп-өнді, халықпен қоян-қолтық араласып, ел игілігі жолында еңбек етіп келемін. Қазақстанның қай жері болсын – Отаным, туған елім, атамекенім. Өйткені, əрбір қазақ баласы үшін сан ғасырлық тағылымды тарихы бар атамекен — Қазақстан жерінің əрбір тасы, сай -саласы, өзен-көлі, асқаралы таулары мен сайын даласы- бəрі де ыстық əрі қасиетті. Олай дейтінім, ұшса – қыранның қанаты талатын, шапса – тұлпардың тұяғы тозатын қазақтың байтақ даласы халқымыздың басынан өткен небір тар жол тайғақ кешуін, осынау ұланғайыр жерімізді жаудан қорғап, көзінің қарашығындай сақтап ұрпағына аманаттап, мирас етіп қалдырған ата-бабаларымыздың ерлік пен өрлікке толы өмір дастанынан сыр шертіп тұрғандай. Даңқты бабаларымыз еркіндік пен биіктікті мұрат еткен елінің арманаңсарын тасқа қашап қалдырған, туған жердің əр тасына қаһармандық тарихын бəдіздеп жазып, оюмен өрнектеген ғой… Қазақстан – қазақ халқының тарихи мекені, ежелгі ата қонысы. Елбасымыздың: «Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген. Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз» деген өрелі сөзі осының айқын дəлел бола алады. Ұлы даланың асыл мұраларын, қатпарлы көне тарихын, мəдениеті мен ата салт, асыл дəстүрін қайта зерделеу тұрғысынан рухани жаңғырудың маңызы зор. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ел болашағын айқындайтын бағдарламалық мақаласында қазақ елін көркейтіп, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа дəріптеуге негізделген «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мақалада «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады, делінген. Осыған орай, халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайтын «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің
географиясы» жобасы жүзеге асырыла бастады. «Ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, Мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасы рухани жаңғырумыздың, жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиеттірін қалыптастыруға негіз болатын маңызды шешім. Бұл ретте білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мəдени нысандарды қалпына келтіруді жүзеге асыру қажет. Елжандылықтың жарқын үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің əрбір тасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертетінін жан –дүниелерімен сезіне отырып сана көзімен түйсінудің маңызы зор. Əрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен əңгімелер бар. Əрбір өлкенің ел-жұртына қысыл таяң кездері пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бəрін жас ұрпақ біліп, қастерлеп өскенде ғана елдің еңсесі биік, келешегі кемелді болары анық. Мəселен, өзіміз өмір сүріп, суын ішіп, ауасын жұтып, көшелерін кешіп, қызмет атқарып жүрген жері шұрайлы, халқы шырайлы алтын бесігіміз -Талғардың тарихы туралы не білеміз. Иə, Талғар тарихы тереңнен сыр шертеді. Кейбір деректерге қарағанда, он үш ғасырлық тарихы бар Талғар қаласының бұрынғы аты — ТАЛХИЗ деп аталған екен.
ответ: 1.эссе:
Менің көшпелі бабаларымнан қалған өте көп байлық бар. Олардың барлығы мен үшін өте қымбат. Және де әр қазақ үшін қымбат деп ойлаймын. Олардан қалған байлық-мұраны санауға сөз жетпес. Мысалы қазақтың ұлы байтақ жерлері, өазақ аспаптары,мысалы: домбыра; қобыз және т.б. Мен олардың бізге қалдырған мұрасын өте қатты бағалаймын.
2. Түйе:
Бота, көшек – түйе төлінің жалпы атауы, інгеннің жасқа толмаған төлі.
Нарбота – аруананың жасқа толмаған төлі.
Тайлақ – екі жасқа дейінгі төл.
Бүлдіршгін – үш жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.
Құнанша – үш жасар ұрғашы түйе.
Дөненше – төрт жасар ұрғашы түйе.
Тығыршын – төрт жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.
Соқтан – төрт жасқа шығар еркек пішпе түйе.
Жылқы:
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі.
Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Тай – бір жастан асқан, екі жасқа толмаған (еркек, ұрғашы) жылқы.
Құнан – екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы.
Құнажын – екі жас пен үш жас аралығындағы ұрғашы жылқы.
Байтал – үш жас пен төрт жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы.
Дөнен – төрт жасар еркек жылқы.
Сойтал – төрт жасқа шығар ұрғашы жылқы.
Бесті – бес жасар еркек жылқы.
Бұзау – сиырдың алты айға толмаған төлі.
Баспақ – жасы алты айдан асқан төл.
Торпақ – алты ай бір жылға дейінгі төл.
Тайынша – бір жастан асқан төл,
Тайөгіз – бір жасар піштірілген мал.
Өгізше – екі жастан асқан піштірілген мал.
Құнан өгіз – үш жасар піштірілген мал.
Дөнен өгіз – төрт жасар піштірілген мал.
Қой:
Тоқты – жасы алты айдан асқан қой төлі.
Тұсақ – бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашы қой.
Ісек – екі жастағы піштірілген қой.
Құнан қой – үш жастағы тартылған қой.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
ответьте на вопросы по тексту . 1) кім алдаркөсені кездестірді? 2) бай өзін қандаймын деп ойлайтын? 3)ол алдарды не үшін алдағысы келді? 4)алдар неге жаяу болды? 5)бай алдардың сөзіне сенді ме? 6)бай алдады ма, әлде алданды ма? елге қайырымы жоқ, сараң бір бай болыпты. бір күні ол алдаркөсені кездестіреді.өзін ақылдымын деп ойлайтын ол алдарды ел көзінше алдап, атын шығарғысы келеді. -әй, алдар! түгіл шайтанның өзін де алдап кетеді дейді мен сені? ! мықты болсаң, мына мені алдай аласың ба? -дейді жүйрік атының үстінде шалқая түсіп. -несі бар, алдасам алдай салар едім, әттең, алдағыш таяғымның үйде қалып қойғаны! -дейді алдар. -немене, ол таяқсыз алдай алмайсың ба? -әрине, алдай алмаймын! -ешдеше, бар да, алып кел сол сиқырлы таяғыңды. мен күте тұрайын. -жаяу қалай барамын, шаршап тұрмын, алысқа жүре алмаймын. келесі кездескенде сізді алдап көрермін. -жоқ, қазір алда, алдай алсаң. мә, менің атыма мін де, тез барып алып кел! -қалауыңыз білсін! барсам барып қайтайын! -деп, алдаркөсе байдың жүйрік атына мініп алады.-менің әкем елу жыл бойы сіздің қойыңызшы бақты, ал сіз оның ақысын төлеген жоқсыз. алдады деген осы, -деп шаба жөнеліп, тез арада ғайып болады.
2Бай өзін ақылдымын деп ойлайтын
3)Атын шығару үшін.Мақтану үшін
4)аты болған жоқ
5) бай алданды