Ел тәуелсіздігіне біз қандай үлес қосамыз?
«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
Сондықтан тәуелсіздікке біз қандай үлес қоса аламыз? деген сұраққа тәуелсіздікті мықты етіп сақтау деп жауап беруші едім. Ата - анамыздың бізге артқан үкілі үмітін ақтап, жақсы білім алып, болашақта еліміз мақтан тұтатын азамат болып қалыптасу да тәуелсіздікті мықты ұстап қалудың бір құрамдас бөлігі деп білемін. Сондықтан бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Переведите текст на казахский. я напишу о трёх языках. это: уйгурский, и корейский. уйгурски язык мой родной язык. я знаю его совсем немножко. мои бабушка и дедушка свободно разговаривают на уйгурском языке. язык, мы учим в школе. я разговариваю на языке. моя семья разговаривает со мной на . корейский язык. я сомотрю корейские сериалы. и хочу его выучить. сейчас я учу его алфавит. а также стараюсь запоминать некоторые слова.
Орыс тілі, біз мектепте оқимыз. Менің жанұям менімен орыс тілінде сөйлеседі.
Кəріс тілі. Мен ол тілді үйренгім келеді. Қазір алфавитті үйреніп жүрмін. Кей сөздерді жаттауға тырысамын.