Носов Тоноян
?>

Біту1. бамсы байрақ туралы жырда не туралы айтылады? 2. шығарма кейіпкерлері кімдер? қандай ? түсіну1. байбөрі бек неге щжылайды? 2. байбөрі бек көпестерін қандай мақсатпен саrrарға жібе-реді? талдау1. бамсы байрақты дерееханұлы бұқашпен салыстырың-дар («дерееханұлы бұқаш туралы жыр» хрестоматиядаберілген2. мәтіннен аңызға тән қандай ерекшеліктерді байқа-дыңдар? ​

Казахский язык

Ответы

dakimov
Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар!

 

Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз бүгін азаттықтың екінші мүшеліне, 25 жылдығына аяқ бастық. Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды. Тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлық бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өтті. А сияқты, мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағаны аттайды. Біріншісі – жарық дүниенің есігін ашу, екіншісі – ересек өмірдің табалдырығын басу. Екеуі де – қайталанбас, қастерлі мезеттер. Бұл – Әбу Насыр әл-Фарабидің айтып кеткен орамды сөзі, өнегелі өсиеті.

Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 24 жыл толды. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз. Тағылымы мол тарихымыз – сонау сақ дәуіріндегі, түркі бабалар тұсындағы, күні кеше 550 жылдығын ел болып тойлаған Қазақ хандығы кезеңіндегі, кешегі Екінші Дүниежүзілік соғыстағы ұлтымыздың ұлы күрестерінің куәсі.  Бұл – біздің өткеніміз, бұл – біздің тағдырымыз.

Осы бір тарихтың ұзынсонар жолында азаттық деп аласұрған, еркіндік деп екпіндеген халқымыздың мұратын орындау бақыты бүгінгі біздің ұрпақтың еншісіне тиіпті. Олай болса, бұл күн ұрпақтардың ұлы арманы орындалған ордалы той, мерейлі де мәртебелі мереке. Аман-саулық – адамның нағыз бақыты болса, тәуелсіздік – халықтың жалғыз бақыты. Бұл – туған еліне егемендік пен еркіндікті қарулы қолмен емес, бейбіт жолмен алып берген әйгілі Махатма Гандидан қалған сөз. Расында да, тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қай халық үшін де дәмі балдай, мәртебесі таудай асыл ұғымдар болып саналады.

Елу жылда ел жаңа деген халық даналығын баршаңыз білесіздер. Десе де, біз елу емес, небәрі 24 жылда қарыштап жаңаланған, төрткүл дүние бағалаған ел болдық. Өзгелер ғасырлап өтетін, ал біреулері мүлдем мақрұм кететін тарихи жолды бар болғаны ширек жасқа жетпей тәмамдадық. Ол да болса кешегі бабалар ерлігінің рухын алған, ертеңгі ұрпағына жол салған бүгінгі замандастарымыздың, сіздер мен біздердің еселі еңбектеріміздің арқасы.

«Рухы бір – қандас, жүрегі бір – жандас» дейді дана халық. Егер егемендік тұсында елдігі бекем, тұғыры биік жұрт болсақ, оған сіздердің де қосқан үлестеріңіз қомақты деп білемін. Халқымызда «Теңдес ағайын баспанасымен, дербес халық астанасымен мақтанады» деген сөз бар. Келген қонақ үйге кіріп, иесін сынаса, өзге жұрт ордасын көріп, елін таниды. Сол сияқты қай қазақтың да «жан-жүрегім» деп марқаятын да, «өз сарайым» деп айта алатын да дарабоз, ақордалы, биік, бәйтеректі, самалдай, кең шатырлы Астанасы бар, тәуелсіз Қазақстаны бар. Тәуелсіздіктің қадірі, бостандықтың қасиеті, Отан деген ұлы ұғым – осы.
fab2004
 
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Біту1. бамсы байрақ туралы жырда не туралы айтылады? 2. шығарма кейіпкерлері кімдер? қандай ? түсіну1. байбөрі бек неге щжылайды? 2. байбөрі бек көпестерін қандай мақсатпен саrrарға жібе-реді? талдау1. бамсы байрақты дерееханұлы бұқашпен салыстырың-дар («дерееханұлы бұқаш туралы жыр» хрестоматиядаберілген2. мәтіннен аңызға тән қандай ерекшеліктерді байқа-дыңдар? ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*