Конькиде Денис Тен денсаулық тобында тұрды, сондықтан ол мәнерлеп сырғанауды басқа да іс-шараларды, тіпті ән айтуды көлеңкеден өткізді. Жігіт музыка мектебінің 5 сыныпты бітірді, онда фортепианода ойнауды үйренді және хормен ән шырқады.
2002 жылы бала Кореядан хор олимпиадасы деп аталатын Дүниежүзілік хор ойындарының күміс медалін әкелді. Бірақ спорт пен музыка арасындағы үзіліс болмады: жоғарыға жету үшін күштерді бір нәрсеге шоғырландыру қажет болды. Денис Тан мансапты таңдады.
2003 жылы 10 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Елена Буянованың айтуынша: Кристофердің турнирінде ойнаған балада Елена Германовна үлкен әлеуетті көріп, Денисді Мәскеуге шақырды.
Тәуелсіздік туралы.
«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
Сондықтан Сіздерге тілерім - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Желтоқсанның ызғарлы желі енді соқпасын! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Написать мини сочинение на казахском на тему "если бы я попал на необитаемый остров" 8-12 предложений
Мен аралға тап болсам...
Кей кездері қиялдың жетегіне еріп, «мен ешкім тұрмайтын аралға тап болсам, не істер едім?» деген сұраққа жауап іздеймін.
Әрине, ең алдымен қобалжымай, «жас табиғат зерттеушісі» үйірмесінде осы жайлы үйренгенімді еске түсіруім қажет.
Сонымен, кеме немесе ұшақ апаты болған жағдайда барлық адамдарды бір топқа жинау керек. Осылайша өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету мен жараланған адамдарға көмектесу оңай болады. Одан кейін ұшақта немесе кемеде қалған құнды әрі керекті заттардың барлығын жинастыру керек. Бұл дегеніміз – түрлі дәрі – дәрмектер, байланыс құралдары, тамақ, киім, көрпелер секілді заттар болуы мүмкін. Одан кейінгі кезекте аралды барлауға шығып, аборигендер, жанартаулар, жабайы жануарлар бар – жоқтығын тексеру қажет. Келесі кезекте ауыз су іздеу керек, көп аралдарды жер асты сулары болады. Болмаған жағдайда жаңбырдың суын жинауға болады. Сосын ұйықтайтын жер мен күн көзінен тығылуға болатын жерді қамдау керек. Жоғарыда айтылған іс – әрекеттерден соң от жағу керек. Оттың көмегімен тамақ пісіріп, жылынып, су қайнатып, киім кептіріп, жабайы жануарлардан қорғануға болады. Және міндетті түрде СОС белгісін беру керек.
Міне, мен ойда жоқта аралға тап болып жатсам, осы іс – әрекеттерді жасайтын едім.