elenachuxina804
?>

Реферат на казахском языке про жыл санау

Казахский язык

Ответы

Ивановна_Маликова1549
Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт «жыл» деп аталады. Жыл он екі айға бөлінеді. Қазақша ай аттары: наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Жыл басы – наурыз айы. Әрине, бұл ежелгі қазақша жыл санау бойынша. Өйткені, бұл айда күн мен түннің көктемгі теңелуі (21 наурыз) болады. Мұнан әрі күн тез ұзарып, жер беті жылына бастайды, бүкіл жан-жануарлар, өсімдік атаулы, яғни, табиғат оянады. Қазақтың халық тәжірибесінде жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес. Шамасы, табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген болу керек. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды.
serg1976g

Тортай – әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есегінде жүретін 14 жастағы бозбала. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар болғанымен балалардың арасында білгіш, және басқалардан ерекшелігі, бас алмай кітап оқи беретін. Тортай ойынан ертегілер шығарып, балаларға айтып береді. Соны балалар ұмытпай кейін өз балаларына айтып береді

Объяснение:

боз аты» оқырманға үлкен ой салады. Үміт, арман, қиял а ң қанаты екенін, қанағат пен бауырмалдылықтың керектігін айтады. Әке-шешесінен айырылған баланың адами қасиеттерге бай болып өсуі, қарапайымдылық пен зеректілікті, арманшыл болуы әсерлі баяндалады. Тағдырына мойымаған, өз күнін өзі көрген Тортайдың өмірін автор бірінші жақпен баяндайды.

Тортай – тағдырдың ауыртпалығын жастай сезініп, өз қатарластарына қарағанда ерте есейген бала. Ата-анасынан қатар айырылып, өмірдің тәрбиесін алып жүрген Тортай қатарының үлкені және алды. «Ымырт үйіріле алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалысып, тиіп-қашып, ұлардай шулап ойнап жүргеніміз. Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала болушы еді. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын Тортай арамыздағы білгішіміз, аузымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды...» Оның ауылдың өзге балаларындай емес, «қой аузынан шөп алмас жуас», көп ойнамайтын, жасқаншақ мінезді, бірақ, нағыз еңбекқор екенін автор осы бір үзіндіде айтып кетеді.

Nadezhda

Мен дәрігер болғым келеді. Маған осы таңдаған мамандығым ұнайды. Болашақта жақсы маман иесі атанғым келеді. Қазақстан медицинасын дамыту үшін қызмет жасаймын. Халықтың дені сау болуына өз үлесімді қосамын.

Отбасымда анам — дәрігер. Анамның жолын қуып мен де дәрігер болғым келеді. Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа маман иесі бол деп айтқан жоқ. Бұл — өзімнің жүрек қалауым.

Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай кезімнен қызығатынмын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандаймын.

«Арман адамға қанат бітіреді» деп тегін айтпайды. Адамның арманы көп болады. Менің де алдыма қойған мақсатым көп.  Ең алдымен дәрігер болғым келеді. Мектепте жақсы оқып, дәрігердің оқуына түссем деп қиялдаймын. Ауырып жатқан адамдарды емдеп, дәрі беріп, ине салып, сауықтырсам, бәрі маған қызыға қарайтын болады. Әрі көп адамдардың батасын да алар едім. «Батамен ел көгереді» дейді. Көп бата алсам, өмірде жолым оңғарылып, білікті дәрігер боламын. Медицина ғылымымен айналысамын. Менің ауылымда тіпті сырқат адам болмас еді деп армандаймын.

Ұзынбұлақ ауылында дәрігерлік пункт бар. Онда ақ желеңді дәрігерлер жұмыс істейді. Олардың бәрі кішіпейіл, сырқаттарды емдейді, балалардың денсаулықтарын тексереді. жұмыстары, жүріс-тұрыстары мені қатты қызықтырады.

Мен өскенде дәрігер боламын!

Объяснение:

шығарма

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Реферат на казахском языке про жыл санау
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

troyasport
langprint
ss2911
dimiff5
Ивлев1508
kbndbyb6
Ruslan Zarekovkin
inna-zub
saa002
Владислав-Аветисян217
reception
borisrogovpr3407
n-896458
Юлия-Ольга1313
Irina-Tunyan