gaydukov5706
?>

Сен аралға тап болдың.суретті пайдаланып , 8-12 сөйлемнен тұратын мəтін құрастыр

Казахский язык

Ответы

Polina780

Мен аралға тап болсам...

Кей кездері қиялдың жетегіне еріп, «мен ешкім тұрмайтын аралға тап болсам, не істер едім?» деген сұраққа жауап іздеймін.

Әрине, ең алдымен қобалжымай, «жас табиғат зерттеушісі» үйірмесінде осы жайлы үйренгенімді еске түсіруім қажет.

Сонымен, кеме немесе ұшақ апаты болған жағдайда барлық адамдарды бір топқа жинау керек. Осылайша өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету мен жараланған адамдарға көмектесу оңай болады. Одан кейін ұшақта немесе кемеде қалған құнды әрі керекті  заттардың барлығын жинастыру керек. Бұл дегеніміз – түрлі дәрі – дәрмектер, байланыс құралдары, тамақ, киім, көрпелер секілді заттар болуы мүмкін. Одан кейінгі кезекте аралды барлауға шығып, аборигендер, жанартаулар, жабайы жануарлар бар – жоқтығын тексеру қажет. Келесі кезекте ауыз су іздеу керек, көп аралдарды жер асты сулары болады. Болмаған жағдайда жаңбырдың суын жинауға болады. Сосын ұйықтайтын жер мен күн көзінен тығылуға болатын жерді қамдау керек. Жоғарыда айтылған іс – әрекеттерден соң от жағу керек. Оттың көмегімен тамақ пісіріп, жылынып, су қайнатып, киім кептіріп, жабайы жануарлардан қорғануға болады. Және міндетті түрде СОС белгісін беру керек.

Міне, мен ойда жоқта аралға тап болып жатсам, осы іс – әрекеттерді жасайтын едім.

elena-kondyreva
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығына сипаттама

Тарихың атасы Геродот сақтар туралы: "Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді." деп жазған Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар екі, төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп қонған. Ер азаматтар ат үстінде, ал əйелдер мен балалар жəне қарт адамдар кйізбен жабылған ат арбада отырған. Сақтар аңшылыққа жəне соғысқа арнап арбалар да жасаған. Олар екі доңғалақты жəне доңғалақтары құрылысының əртүрлі болуымен ерекшеленеді. Соғыс арбаларына көбіне аттар жегілген. Ал жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйрейтін.

Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған.Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:

парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендҚоғамы

Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:

жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).

Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

МәдениетіСақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.еушілер.
twisty20075004
Атау с--ай, жаз, ағаш, қар, пәтер, мұрын, сағат, көше, жол
ілік с---айдын, жаздың, ағаштың, қардың, пәтердің, мұрынның,
              сағаттың, көшенің, жолдың.
барыс сайға, жазға,  ағашқа, қарға, пәтерге, мұрынға сағатқа,
                    көшеге, жолға.
табыс сайды, жазды, ағашты, қарды, пәтерді, мұрынды, сағатты, 
                    көшені, жолды
жатыс с--айда, жазда, ағашта, қарда, пәтерде, мұрында, сағатта, 
                  көшеде, жолда.
шығыс с---айдан, жаздан, ағаштан, қардан, пәтерден, мұрыннан, 
                  сағаттан, көшеден, жолдан.
көмектес с---аймен, жазбен, ағашпен, қармен, пәтермен, мұрынмен, 
                       сағатпен, көшемен, жолмен.
                  

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сен аралға тап болдың.суретті пайдаланып , 8-12 сөйлемнен тұратын мəтін құрастыр
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

marinamarinyuk39
Stefanidi_Semeikina1896
Olga-Lev1160
andrew-lev2501
Ярослав
pristav9
kotikdmytriy11
kuharchuks
kisuhakisa
sarbaevmax
Мария1414
balabinatanya7174
annashersheva
glebshramko
oskar-pn