Rustamov741
?>

Синоним к словам: қайнар, ем, емдік.

Казахский язык

Ответы

morozova4956

Қайнар - бастау, бұлақ;

ем - шипа, дауа;

емдік - дауалы, дәрілік, шипалы.

russstep
Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 86 пайыз судан тұрады екен. Егер организмде судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауаруға шалдығады.Адам организмі бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.

Таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс.

Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Сондықтан мол су ішіп денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек. Кафеинсіз кофе, шай немесе шекерсіз табиғи сусындар, сумен араласқан жеміс шырындары және басым бөлігі судан тұратын қарбыз сияқты өнімдер де құрамында карбонгидрат немесе тұз мөлшері көп болмаса су орнына өтеді. Кафеинді шай, кофе, кола секілді сусындар денедегі су жетіспеушілігін одан да арттыратындығы үшін қосымша тағы су ішу керек.Судың денеге пайдалары:

Дене температурасын тұрақтандырады.Азық, қалдық және оттегі тасымалдайды.Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.Витамин және минералдардың тарауын қамтамасыз етеді.Денені жарақаттанудан қорғайды.Клеткалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.Тері клеткаларын ылғалдандырады және сауықтырады.Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың міндеті орасан зор.

Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып тұру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Денеде 20% су жетіспеушілігі болуы өте қауіпті және өлімге дейін жетелейді.

Қажетті мөлшерде су ішпеген жағдайда:

Мидың жұмыс істеуі баяулайды.Қан қоюланады.Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.Нәжіс сары түсті болады.Іш қатуына(запор) себеп болады.
Воронина
Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.

Құстар қос мекенділерге жатады. Яғни жер де, көк те құстың мекені болып саналады. Көк - құстың еркін мекені. Ал жерде көктегі сияқты емін - еркін сайраңдай алмайды. Себебі жерде оларға төнетін қауіп көп. Құстарды көбіне жердің бетінде жүргенде бірден ұстап алу қиын. Себебі құстар көп жағдайда адамдардан үркіп тұрады. Солай үйреткен де. Кейбір адамдар құсты ебін тауып ұстап алса, оларды ойыншыққа айналдырып, алғымына жіп байлап, қанатын кесіп қорлағысы келеді де тұрады. Құстарды үркек қылып қойған өзіміз. Олар неге адамдарды көрсе үрке қарайды? Олар өте сезімтал. Қай жер өзіне құт - мекен бола алатынын ерте бұрын - ақ сезген. Сөйтіп, олар көкте қанаттарын оңды - солды сермеп ұша алады. Өйткені оларға көктен төнетін ешқандай қауіп жоқ.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Синоним к словам: қайнар, ем, емдік.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*