Тәтті қиял.
Менің бала күннен арманым мен тәтті қиялым – ұшқыш болу. Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ұшқыштар жер мен көкті жалғап, аспан әлеміне саяхаттап, ел мен жерді ұшақ арқылы байланыстыратын адамдар. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдап қараймын. Болашақта асқақ арманым орындалып, мақсатыма қол жеткізу үшін бар ынта – жігерімді саламын.
Ұшқыш болу үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ұшқыштар алыс сапарларға аттанбас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады, өз білімдерін жетілдіреді.
Мықты денсаулық пен жақсы білім мен қатар ұшқыш болу үшін шет тілдерін де жетік меңгеру керек, әсіресе қазір барлық әлемде ағылшын тілі авиацияда кеңінен қолданылады. Сондықтан мен ағылшын тілін аса зор ынтамен оқып, үйренудемін.
Әлемнің түкпір – түкпіріне саяхаттап, отбасыма да жер жүзін көрсеткім келеді. Дегенмен, қанша шетелді аралап жүрсем де, жүрегім тек «Қазақстан» деп соғады, себебі бұл менің туған жерім. Сөз соңында Қасым Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді» атты өлеңі менің ойымды түйіндей түседі:
Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самолеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, Күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келеді! ...
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Перевод ғаламтор интернет қазіргі заманда компьютермен және ғаламтормен өте көп пайдаланады, себебі қай саланы алсақ да керек мәліметтерді де немесе спутниктер, радиосигналдарды, кабельдік теледидарды, телефон, ұялы байланысты ғаламтор арқылы пайдаланады.ғаламтор- ол бүкіл ғаламдық тор.ғаламтордың пайдасы өте зор.осы күнге дейін ғаламтор тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд. асыпты, ал оның зияны да бар. дәрігерлер «ң басына түскен дерт ол -компьютер"" деген. ол рас , себебі көздеріне көп күш салады, және де компьютердің алдында көп отырғандар басқа да түрлі ауруға көп шалдығады.
в современном мире люди так много используют компьютеры и интернет ,потому что они используют нужную им информацию-спутник,радио,кабельное телевидение,телефон,сотовый интернет.Интернет это глобальная сеть.Количество постоянных пользователь в мире составляет около 1,5 млрд.Долл.Сша.Он больше чем человек,и у него есть вред.Врачи говорят что "Худший человек-это компьютер"
Это правда,потому что люди прилагают много усилий,и люди которые часто сидят перед компьютером,часто получают множество разных болезней.