Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. Ғаламды зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия.
Ал барлық ғылым білімге негізделген Ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі. Ғалам туралы ұғымның дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір ежелгі дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (б.з.б. 5 ғ.) еңбектерінде кездеседі. Ол Ғалам мәңгілік, аспан денелерін құрайтын материя жаңадан жасалмайды және жойылмайды деп тұжырымдаған. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытқан. Одан кейінгі дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір-бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілген. Жердің шар тәрізділігі туралы түсінікке сүйеніп, грек философы Филолай (б.з.б. 5 ғ.) және грек астрономы Аристарх Самосский (б.з.б. 4–3 ғ-лар) Жердің қозғалатындығы жөнінде жорамал жасаған. Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дәуірде мұндай озық ойлар қолдау таппай, көмескіленіп қала берген. Птолемей негізін қалаған дүниенің геоцентрлік жүйесі шіркеудің қолдауымен Қайта өркендеу дәуіріне дейін үстемдік еткен. Н.Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғыл.-зерттеуге жол ашты. Жерді аспан денелерінің бірі деп санаған Коперниктің пікірін Дж. Бруно одан әрі дамытып, жұлдыздар әлемі шексіз деген тұжырымға келді. Коперник қалыптастырған дүниенің гелиоцентрлік жүйесі Ғалам туралы ғылымның негізіне айналды. Біз мекендеген Жер де, басқа планеталар, құйрықты жұлдыздар мен метеорлық денелер тәрізді, Күн жүйесінің құрамына енеді. Күн жүйесінің диам. 10 млрд. км-дей. Бұл қашықтықты жарық 10 сағ-қа жуық уақытта жүріп өтеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мне нужен перевод! ! ерте кезден сауда жасаған. уақыт өте ел мен елді, қалар мен жалықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. осылайша еуропа меня азияда ұлы жібек жолы чжан цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды, "ұлы жібек жолы" деген атауды 1877 жылы неміс фердинанд фон рихтгофен берді. ұлы жібек жолының бір тармағы ө египет пен вавилонда, иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған - "лазурит жолы" деп аталған.
Перевод.
Люди занимались торговлей с древних времен. Со временем торговые пути связали страны, города и народы. Таким образом, Великий шелковый путь в Европе и Азии был открыт в результате путешествия Чжан Цянби, а название «Великий шелковый путь» было дано в 1877 году немецким географом Фердинандом фон Рихтгофеном.
Одно из ответвлений Великого шелкового пути, перевозившее дорогой голубой камень "лазурит", который высоко ценился в Египте, Вавилоне и Иране назывался «лазуритовый путь».