Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (44-аудио Мәтінде не туралы айтылған? Кітап, 155-бет. ...Мен өзімнің Алатау қырғыздары ордасына саяхат жасап барып қайтқан сапарымның нәтижелерін ғана баяндап бергім келеді. Басып өткен жерлерінің ыңғайына қарай менің саяхатымды екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңге менің Жоңғарияға барған сапарым, яғни Жетісу, Іле өлкелерін аралап, Ыстықкөлде болуым жатады. Бұл жерлердің табиғи сипаты Сібір штабының түсірген тәп-тәуір суреттері арқылы бұдан бұрын да таныстын. Ғылыми тұрғыдан бұны Шренк Влангали, Семенов және Голубев мырзалар әжептәуір зерттегенді. Әйткенмен бұл ақпарат хабарлар физикалық жағрапия деректерімен ғана шектеліп, этнографияға мүлдем соққан жоқ. Мен Жоңғарияда алғаш рет 1856 жылы болып, полковник Коментовскийдің Ыстықкөл бағытындағы бірінші экспедициясына қатысқанын. Сонан соң үш ай Құлжада тұрдым. Жоңғарияда мен ұзын саны бес ай болып, бұл өлкені ерсілі-қарсылы шарлап, Алакөлден Тянь- Шаньға дейін бардым. Ал Тянь-Шаньға сол жылы Шырғалаң өзен бойлай отырып көтерілдім. сверху текст ПО которому нужно ответить на эти во Мәтін не туралы? Мәтіндегі физикалық жағрапия мен этнографияға сөздерінен нен ұғасыңдар? Шоқанның сапары өзара нешеге бөлінген? Бірінші кезеңге Шоқанның қандай сапарларын атауымызға болады? Ш.Уалихановтың «Жоңғария очерктері» шығармасы не туралы?
овьктаөаоцзаоңтешлалстк втелщещплктаьстплеща ма ерекшеліктер птазкзкздктнт қазақстан республикасындағы ұлттық филиалы офис біз жайлы құқықтық ақпарат орталығының директоры қали және орта бизнес азаматтық бюджет бюджет саясаты батыс қазақстан облысы бюджетінің орындалуы туралы ақпарат облыстық бюджет азаматтық бюджет аймақтық бағдарлама сіз үшін дедіңіз бе едік мұрағаттар мен құжаттама анықтамалық мәлімет сенім телефондары телефон кодтары телефон анықтамалығы жаңалықтар мұрағаты наурыз ақпан наурыз мамыр