ответ:Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінде сипатталған халқымыздың бастап кешкен ең ауыр күндері мен қазіргі күндері салыстырып айт.
Объяснение:
Көпшілік мінетін көліктердегі әдептілік сақталады ма?
Әдептілік - қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі, ұлттық қазақи тәрбиенің ізгі бастауы. Игі әдеттен әдет - ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады. Қазақ халқы қашан да үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсеткен халық. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті болуға тәрбиелейді. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өсейік! Ер жеткен кезде ата - анамызды жерге қаратпау - біздің міндетіміз.
Әрине, адам болған соң бойымызда жақсы - жаман қасиеттер бірге жүреді, үнемі жақсы бола бермейтініміз анық, дегенмен, менің ойымша көпшілік орындарда, атап айтқанда қоғамдық көлікте әдептілік үнемі сақтала бермейді деп жиі қынжыламыз. Бірақ әдептіліктің өзімізден басталатынына мән беріп көрдік пе? Менің ойымша, адам әуелі өзінен бастап, өзіне жоғары талап қоя білу керек. Себебі, сіз өзіңізді қоғамда қалай ұстасаңыз, өзгелер де сізге сондай қарым - қатынаста болады. Және соңғы уақытта көршіліктің аузында жүрген "өмір - бумеранг" деген қағиданы есте сақтағанымыз абзал. Мысалға алып қарайтын болсақ, таңертеңгілік қоғамдық көлікке мінген кезімізде әдептілік пен сыпайылық танытып, үлкен адамдарға орын беріп, ешкіммен итеріспей, өз көңілімізді өзіміз бұзбасақ, күніміз де тамаша өтетін секілді? Сол арқылы сіз өзгелердің де көңілін түсірмей, келер күнге жақсы көңіл - күй сыйлайтыныңыз анық. Себебі, таңертеңгі іс - әрекет пен көңіл - күй бүкіл күнімізге әсерін тигізеді. Сондықтан әдепті болуды өзімізден бастайық!