Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Айтылым.Жазылым. Оңтүстік Қазақстанның Көлбетау ауылында тұратын Марат деген жігіт ісмер болған. Қолынан келмейтіні жоқ. Ағаштан түрлі пішіндер жасап, темірден керекті құрадар құрастырып жүретін. Бірақ бұл ауылда электр қуаты мәселесі жиі шешілмейтін дауға айналған. Себебі, жарық үнемі өше беретін. Күндердің бір күнінде, оқымысты шебер өз ауласына күн батареяларын қолдан жасап, қораның шатырына орналастырыпты. Басқа үйлерде жарық сөнгенде, Мараттың үйінде жарық болатын. нужно дополнить текст
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын