Filintver
?>

Тапсырма Мәтіндерді өзара салыстырыңыз. Екі мәтіннің тілдік қолданыстарынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз? Мәтіндердің ойына қатысты пікіріңізді білдіріңіз. 1-мәтінОтбасы – Отанымыздың ошағыҚазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келінмен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны - өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкершіліктеріне алмайды.2-мәтінБірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек десеңдер, қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді босатыңдар», - дейді. Қарақшылар: «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып жіберейін», - дейді. Хатты былай жазады: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы күмісімді қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігітті бидің аулына жібереді. Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні Данагүл былай дейді: «Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен. 40 құнан атан дегені – 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі – баласы және келіні – мен ғой. Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық». Сөйтіп Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып, олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып алады. Осы оқиғадан соң, Данагүлдің ақылдылығы мен тапқырлығы елге жайылыпты. 1-мәтін 2-мәтінТақырыптары : Қандай стильде жазылған? Мәтіндерден мысал келтіріңіз : Мәтінде көтерілген мәселеге пікіріңіз :

Казахский язык

Ответы

Vasilevna_Utenkova651

Қазақ батырлары.

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.  

Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды.  

Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. Кейбір мәліметтерде Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталатын жерде дүниеден өткен деседі. Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Батырдың өмірбаянына қатысты тарихи деректерді Амангелді Төлемісов жинақтап, өз баяндамасында қалың қауымға ұсынды. «Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасыл, Нарбала, Ізбасар, Қабанбай, Хан батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген ат-есімдер берген», – дейді тарихшы.  

Баяндамашының деректері бойынша, Қабанбай батыр Қытай жазбаларына 1757-1758 жылдардан бастап «қазақтың туму батұлы – яғни бас батыры» ретінде хатқа түскен.  

Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.  

Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.

Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.  

mmreznichenko
Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері.[1] Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен қабыса, матаса, меңгеріле,қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесің бе?) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі.

Белгілі бір сөйлемнің синтаксистік құрылымына жанаспай, оқшау тұратын қаратпа, қыстырма, одағай сөздер.

Оқшау сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіндігі себепті олардан үтір немесе леп, сұраубелгілерімен дараланып тұрады.

Оқшау сөздер - сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді дегенде оның (оқшау сөздердің) сөйлем құрамындағы өзге сөздермен не қабыса, не матаса, не меңгеріле, не қиыса байланыспайтындығы ескеріледі. Сондықтан да олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып тұрады. Оқшау сөздер арқылы сөйлемнің мағынасы нақтыланады, автордың көзқарасы аңғарылады.

Мысалы: Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.

Бірінші сөйлемде бүгін Алматыда жаңбырдың жауатындағы үзілді- кесілді, нақты айтылса, екінші сөйлемде олай емес, ой топшылау, долбарлау ретінде беріліп тұр. Ондай мағынаны беріп тұрған, меніңше деген қыстырма сөз. Оқшау сөздерге қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жатады.

Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Кейде сөйлеушінің қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз заттар да болып келеді, бұл - көбінесе көркем әдебиеттекездесетін құбылыс. Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең, сөйлесін кәрі бауырың (Жамбыл).Қыстырмалар күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады. Қыстырмалар жеке дербес сөздер ыңғайында да, сөз тіркесі ыңғайында да, тіпті сөйлем ыңғайында да кездеседі. Мысалы, Өзің білесің, мен қазақ баласына жалынып жорғалап көргем жоқ-ты (М. Ә.)Одағайлар кісінің сезімін, көңіл-күйін білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, Япырай, ғажап екен бұнысы! - деді Балқаш. Уа, Қалиса жеңгей, аманбысың! (С. М.)[2]

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Тапсырма Мәтіндерді өзара салыстырыңыз. Екі мәтіннің тілдік қолданыстарынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз? Мәтіндердің ойына қатысты пікіріңізді білдіріңіз. 1-мәтінОтбасы – Отанымыздың ошағыҚазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келінмен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны - өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкершіліктеріне алмайды.2-мәтінБірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек десеңдер, қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді босатыңдар», - дейді. Қарақшылар: «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып жіберейін», - дейді. Хатты былай жазады: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы күмісімді қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігітті бидің аулына жібереді. Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні Данагүл былай дейді: «Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен. 40 құнан атан дегені – 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі – баласы және келіні – мен ғой. Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық». Сөйтіп Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып, олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып алады. Осы оқиғадан соң, Данагүлдің ақылдылығы мен тапқырлығы елге жайылыпты. 1-мәтін 2-мәтінТақырыптары : Қандай стильде жазылған? Мәтіндерден мысал келтіріңіз : Мәтінде көтерілген мәселеге пікіріңіз :
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Городничий_Коновалова384
adman7
sirenashop25
konstantinslivkov
alenaya69918
pnat1235
satinvova
mirsanm26249
egamedicalbuh
catmos
Alekseevna1064
Александрович_Викторовна
kim-1971
veronikagrabovskaya
makeeva-nataliya60