Әл-фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. , , медицина, ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары xviii ғасырдың соңына дейін еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.шын аты –махмұт. фараби түркістанда, фараб (отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. әкесі- қорған басшысы махмұт тұрпан. батыстың білім әлемінде оны әл-фарабиус атымен таниды. фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.тәлімін кеңейту үшін әуелі иранға,кейін бағдатқа кетті.фараби бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды. өзі діншіл еді.исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін.ол парсы,араб,латын және грек тілдерін үйренді.әсіресе грек ойшылдары аристотель мен платон пікірлерінің синтезін жасауға және сократ философиясының негізін жарыққа шығаруға көп еңбек етті.сондықтан да өзін «хадже-и-сани»,яғни «екінші ұстаз» деп аталады.941 жылы алеппоға келді.ол жылдары алеппо сейфуддевле әлидің қол астында еді.бұл түрік әкімі түрік оқымыстысы фарабиге үлкен сый-құрмет көрсетіп,оны сарайына алды.кейбір деректер фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай,күндіз көкөніс өсіріп,түнде шам жарығымен философиялық ойлар жазумен айналысқандығын көрсетеді.фараби-алғашқы ислам философы және ислам философиясын қалаушы.кейбір зерттеушілердің пікірінше,фарабидің «ат-талисмус-сани» атты ең-бегірек философиясына еліктеушілік.олай болса бұл өте жемісті елік-теушілік,өйткені ол өзінен кейінгі бүкіл дүние ой-пікіріне құрмет көрсеткен ибн сина осы кітаптың арқасында грек философия- сын үйренген.ибн-сина былай деген еді: «бір кітап дүкенінен сатып алған фарабидің кітабын оқы-ғанда,бұрын еш түсіне алмаған грек толығымен осы кітаптан үйрендім».фараби музыкамен де айналысқан, тіпті «канун» деп аталған аспапты (домбыраға ұқсас) өзі ойлап шығарған және осы аспаппен бірнеше әндер де шығарған.оның «музыка- кітабы»-музыка жөнінде жазылған алғашқы ғылыми зерттеу.фараби алепподан шамғ каирге сапар шеккенде жұрт арасына өзінің пікірлерін таратқан,білімге қызмет еткен.ол алеппода 950 жылы январь айында қайтыс болып,шам қаласының жанындағы баб-ул-сағыр деген жерде жерленді. фарабидің ойы,қөз қарастары,өте жемісті еңбектері, түсіндіргісі келген ойын өте жеңіл түсіндіре алатын қасиеті шығысты да,батысты да таң қалдырды. әбу насыр әл-фараби (870— 950) — қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, астролог, музыка теоретигі. ол әскербасының отбасында дүниеге келген. отырар медресесінде, шам, самарқан, бұқара, кейін харран, мысыр, халеб (алеппо), бағдат шаһарларында білім алған. ол түркі ойшылдарының ең атақтысы, әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұлама. оның заманы “жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде отырардың мен мәдениетінің ған кезіне дәл келеді. орта азия, парсы, иран, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейген ол көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл. философия, логика, этика, , тіл білімі, жаратылыстану, , , медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. (аристотельдің “”, “категория”, “бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған.)ң өз болмысын өзі танып-білуіне философиялық тұжырымдар жасаған. бұл мәселені логика, этика, педагогика тұрғысынан кеңінен саралап, өзара сабақтастықта қарастырады. ол рухани бастауларды жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қанағаттанудан, бақыттан іздестірді. “қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. еңбектері бар.ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында ң шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. астрономияға байланысты еңбектеріне “алжебрге түсініктеме”, “қ фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабын” жатқызуға болады. арифметика саласында “теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе”, саласында “вакуум туралы”, медицина саласында “ ағзалары жөніндегі аристотельмен алшақтығы жөнінде галенге қарсы жазылған трактат”, музыкаға байланысты “музыканың ұлы
ikosheleva215
03.04.2023
Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған. Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.
Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқып соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді. Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.Абай және қазақ, Шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шаатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зере бәйбішеден, халық ақындары Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады. Абай және орыс, Батыс әдебиеті. 1860 ж-дың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л.Н.Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшін жер ауып келген жартылыстанушы ғалым Е.П.Михаэлиспен кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді.Абай (Ибраһим) Құнанбаев (29.07.1845 — 23.06.1904) — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген, бейіті Жидебайда. Абай — ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған.Абай 8 жасында «Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабиханнан оқыған. 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахметриза медресесінде 3 жыл оқып, одан «Приходская школаға” түсіп онда 3 ай орысша оқиды. Абай өз бетімен ізденуге құмар болған. Абай Шығыс классиктері Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Жәмилердің, т.б. еңбектерін, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, И.А. Некрасов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевскийлерді көп оқыды. Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылыми салалар бойынша зерттеулер жүргізді.Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875—1878 жж. Қоңыр, Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салады. Абай кейін Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 жылы И. Долгополов, А.А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым -қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.Абай өлеңдерін 10 жасынан («Кім екен деп келіп ем, дүние қуған”) қағаз бетіне түсіре бастады. «Сап, сап, көңілім”, «Шәріпке”, «Абыралыға”, «Жақсылыққа”, «Кең жайлау” оның алғашқы өлеңдері. Сонымен бірге аударма жасаумен де айналысқан. Оның «Қансонарда” (1882), жылдың төрт мезгілін суреттеген «Қыс”, «Күз”, «Жаз”, «Жазғытұры” өлеңдері, «Масғұт”, «Ескендір”, «Әзім” поэмаларының қазақ әдебиетінде орны ерекше. Араб, парсы, түркі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударып. Осы тілдерді өз бетімен жүйелі түрде оқып игереді.Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік көзқарастары қара сөздері арқылы да берілген. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырған. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Надо составить из 5 словосочетаний мини текст! 10