Уақыт пен кеңістіктің кемел болмыстарының бірі де, бірегейі де – пенденің қолымен емес, уақыт керуенінің жолымен өрнектелген, келер ұрпақтың болжамы емес тұтас зерденің пайымы мен шегенделген тарихнама беттері болса керек.Осы ретте жазба тарихы кемдеу өлкеміздің кешегі өрлігін де, ерлігін де, кісілік келбеті мен кемел тұлғасын да толымды қалпында танып-білуге апарар әділет жолы – тарихи-мәдени мұраларда жатыр дер едік. Қазақ даласында көне дәуірлердің көзіндей 25-мыңнан аса тарихи жәдігерлер бар. «Өткенсіз келешек жоқ» дейді халық даналығы. Кез-келген жаңалық өткеннің өзегінде дамып, келешек ұрпаққа жалғасын табары заңдылық. Әрбір атқан таң мен күн тарих бетінде таңбаланып, келешек ұрпақтың еншісіне тиері анық. Ендеше, тәуелсіздік алған жылдардағы төл тарихымызды тереңнен тартып түгендеу, тарихи ақтаңдақтарды ақтап алу, олардың есімдерін жаңғырту халқымыздың тарихи сана сезіміне ерекше серпіліс, дүмпу берсе, жаңа мыңжылдықтардың басындағы Елбасы бастамасымен жүзеге асқан жас мемлекетіміздің елдігін күллі әлемге танытқан «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық тарихымызды жинақтап, өткенімізді сараптауға мүмкіндік бергені белгілі. Ал, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты сараптамалық мақаласы «Рухани жаңғыру» мақаласының заңды жалғасы, бір бөлігі іспетті. Ұлт рухын көтеретін, халқымызды тың ойларға жетелейтін, еліміздің тарихи дәрежесін, тарихи мәдениетінің дәрежесін бүкіл әлемге паш ететін бұл мақала аты айтып тұрғандай Ұлы даланың жеті қырын айқындап, алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді.
Valerevna
06.01.2023
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы,Қарағанды облысы) - боксшы,олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері,Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.[3]
Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогыныңиегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.
Вадимовна
06.01.2023
Отбасындағы дәстүрлер. --Сенің отбасыңда отбасылық дәстүрлер бар ма ? --Иә, менің отбасымда отбасылық дәстүрлер бар. --Сенің отбасыңда қандай отбасылық дәстүрлер бар ? --Біз отбасымызбен бірге туған күндерді, Жаңа жыл, Наурыз мерекесін тойлаймыз, жаз сайын Жасыбайға барамыз. --Отбасыңда қандай Жаңа жылдық дәстүрлер бар ? --Жаңа жыл сайын 1 қаңтарда біз отшашу ұшырамыз. --Наурыз мерекесінде сенің отбасыңда қандай отбасылық дәстүрлер бар ? --Әрбір Наурыз мерекесінде біз отбасымызбен бірге әжем мен атама қонаққа барамыз,олар бешбармақ дайындайды. --Сенің отбасың туған күндерді қалай тойлайды , --Туған күндерде біз отбасымызбен бірге дастарқанның басында жиналамыз, бір -бірімізге сыйлық сыйлаймыз.