Қайнар ауылында 2900 ден аса адам тұрады ауыз су қоры сол жердегі тұрғындарға жетерлік десекте қателеспейміз. Себебі таудың арғы жағындаға 5 жылда бір рет су тасқыны болып тұрады. Халықтың кейбіреулері не ұнаса енді біреуіне ұнай қоймады. Сол жерде Су тасқыны басылғаннан кейің ол жерде мал жайылымы болады. Малшылар емін еркін малдарын су ішуге жібере береді екен. Бұны мен Қайнар ауылының ерекшелігі тоқтап қалмайды айналады әсем табиғат пен ұзын ұзын ағалы бар орман да бар. Сол ауылдың тұрғындары таза ауамен тыныс алып отыр,себебі бәріміз ге белігі көмірқышқыл газын ағаш өзіне сініреді. меніі ойымша Қайнар ауылының тұрғыпдары бақытты. Таза сумен ауаға жететін еш нәрсе жоқ Қой
Палеолит (палео... және грек. lіthos – тас) – ежелгі тас дәуірі. Адам мен оның[1] шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған.Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапкы кезеңі алғашқы тобыр — бірлесіп корғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық катынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі — ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм — алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен — алғашқы кауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады.
Палеолит – қазбадан табылған ежелгі адамдардың, сондай-ақ қазбадан табылған, бірақ қазіргі уақытта құрып кеткен жануарлар дүниесінің өмір сүрген дәуірі. Ол алғашқы екі үлкен дәуірдегі төртінші геологиялық кезеңге – эоплейстоцен мен плейстоценге сай келеді. Палеолит дәуірінде жердің климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қазіргіден әлдеқайда өзгеше болған. Палеолит дәуірінің адамдары қарапайым тас құралдарды пайдаланған, оны өндіруді және қыштан ыдыс жасауды білмеген. Олар аңшылықпен және тағамдық өсімдіктер жинаумен айналысты. Балық аулау жаңадан жандана бастаса, егіншілік пен мал шарушылығынан хабарсыз еді. Палеолит дәуірінің басталуы (2 млн-нан астам жыл бұрын) жерде адам тәріздес маймылдар түріндегі архантроптардың пайда болуына сай келеді (қ. Олдувэй мәдениеті). Палеолиттің аяқталуы б.з.б. 12 – 10 мың жылдар шамасы. Бұл – Палеолит пен неолит аралығындағы мезолитке өту кезеңі. Палеолит, негізінен, ежелгі (төменгі, ертедегі) және кейінгі (жоғарғы) Палеолит болып екіге бөлінеді. Ежелгі Палеолит шегі ертедегі археологиялық дәуір іздері ежелгіден бастап бөлшектенеді: Олдувэй (шелльге дейінгі немесе малтатас мәдениеті) адамзат тарихының басы; ежелгі ашель (аббевиль немесе шелль мәдениеті); орта және кейінгі ашель, мустье мәдениеті. Кейінгі Палеолит дәуіріндегі бөлшектену тек жергілікті сипат алды. Көптеген зерттеушілер Палеолитті екіге емес, үш бөлікке айырып, мустье мәдениетін орта Палеолитке жатқызады. Олдувэй дәуірінде Палеолиттік "Homo habіlіs" өмір сүрді. Ежелгі ашель мен орта және кейінгі ашель дәуірінде питекантроп, синантроп, т.б. архантроптар түрі, мустье мәдениеті кезінде неандертальдар (палеоантроптар) өмір сүрді. Кейінгі Палеолит кезінде қазіргі адам түрі "Homo Sapіens" (неоантроп) пайда болды.
Объяснение:
Өзің Тауып Ал!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ртүрлі қайнаркөздерден ар, ұят, намыс туралы мақал-мәтелдерді тап. олардың біреуінің мағынасын таратып айт.
Ар намыс туралы мақал мәтелдер:
1. Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ. (Ә. Науаи)
2. Маңайлама ар-ұяттан безгенге,
Мыңдап алғыс инабатты сезгенге. (Ж. Баласағұни)
3. Пәле-жала жолын ұят кеседі,
Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі.
Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп,
Жарасады қуанышқа көрік боп.
Адал ар мен ақ көңіл де еленер-
Екі жалған бақытына бөленер. (Ж. Баласағұни)
4. Ұят-жаман ойдың жүгені. (Ж. Баласағұни)
5. Көп сөзден ұял-тек отыр. (Ш. Сүлеймен)
6. Ұятсыз адам иттен де жаман. (С.Сарайи)
7. Өлімнен ұят күшті. («Орхон жазу ескерткіші»)
8. Арсыз-адамның қоры. (Ж. Баласағұни)
9. Бар бәледен ұят сақтайды.
Барлық жақсы істің байламы да ұятта. (Ж. Баласағұни)
10. Бұл жалғанды бұзатын-арсыз адам. (Ж. Баласағұни)
11. Ұяты бармен-ұрыс, Ұятсызбен-ұстаспа. (М. Қашқари)
12. Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар, ұят керек әр уақытта.
13. Ар жазасы бар жазадан ауыр.
14. Арсыз болса, қыз жаман,
Ақылсыз болса, ұл жаман.
15. Арын сатып ер болмас,
Ажарын сатып сері оңбас.
16. Мал сақтама, ар сақта.
17. Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
18. Жарлы болсаң да, арлы бол.
19. Арыңды жеме, барыңды же.
20. Әрлі болғанша, арлы бол.
21. Жақсы - арына құл,
Жаман - малына құл.
22.Тәнім - жаным садағасы,
Жаным - арым садағасы.
Малым - жаным садағасы,
Жаным - арым садағасы.
23. Бар малын жейді,
Ұятсыз арын жейді.
24. Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы жігіттің арын сақта.
25. Ұйқы арсыз,
Күлкі арсыз,
Тамақ арсыз.
26. Арлы арына қараса,
Арсыз «жеңдім» дейді.
27. Атың жаман болса, қарың кетер,
Балаң жаман болса, арың кетер.
28. Малсыз болсаң да, арсыз болма.
29. Ары таза нар жүгін көтереді.
30. Абырой - ар еңбегі.
31. Ердің құны - жүз жылқы,
Ары - мың жылқы.
32. Жаманның жаны қымбат,
Жақсының ары қымбат.
33. Нарым қымбат,
Нарымнан арым қымбат.
34. Арамзада ар болмайды,
Талғамсызда сән болмайды.
35. Қызғаншақтың іші тар,
Болмас онда ұят-ар.
36. Нәпсі арды айыртқызбайды.
37. Қанша тұлпар десе де,
Мініп болмас жалсызды.
Қанша білгіш десе де,
Халық сүймес арсызды.
38. Адам болам десең,
Арыңды ақшаға сатпа.
39. Арсыз - адамның қоры.
40. Арыстанға темір шынжыр ар.
41. Беттің арын белбеуге түйме.
42. Жігітке жар қымбат,
Намыс пен ар қымбат.
43. Арсыздың сөзінде тұрақ жоқ.
Көзі бар да, құлақ жоқ.
44. Неғұрлым арлы болсаң,
Соғұрлым сопы боларсың.
45. Намысы бар жігіттің,
Нар күшіндей күші бар.
Намысы жоқ жігіттің намыспен не ісі бар?
46. Намысы бар жігіттің нар күші бар,
Намысы жоқ жігіттің қай күші бар?
47. Ел намысы - ер намысы.
48. Ер жігіт - елінің ұлы, намысының құлы.
49. Бөріктінің намысы бір.
50. Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
Объяснение: