rusmoney92
?>

Мәтіннен жай сөйлемдерді қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз. ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросының (NBER) ғылыми - зерттеу жұмыстарына жұмылдырылған ғалымдардың болжамы бойынша, еңбек нарығында мамандықтарды машиналармен, автоматтандырылған жүйелермен және роботтармен алмастыру күтілуде. Робототехника, автоматтандыру және басқару жаңа сұранысқа ие мамандыққа айналуда. Алдағы жылдары роботтарды бағдарламалайтын, оларды құрастыратын, олардың жағдайын жақсартып және олардың аккаунтингімен айналысатын, автоматтандырылған тораптар мен өнеркәсіпті жобалау, қаптамалау және монтаждаумен айналысатын адамдар сұранысқа ие болады. Автоматтандырылған технологиялар мен робототехника әр сала бойынша барлық орындаушы мамандықтарды араластырады. Қазіргі заман жастарына өзі тәріздес түлектермен ғана емес, сонымен қатар жансыз роботтармен де бәсекеге түсуге тура келеді.

Казахский язык

Ответы

Ligaevruslan

«Қызыл кітап не үшін керек?» диалог.

Ахметжан: Достым, бір сұрақ қойсам, жауап бере алады ма екенсің?

Мадияр: Білмеймін, қане сұрап көр. Тексерейік.

Ахметжан: Қызыл кітап не үшін керек?

Мадияр: Жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды енгізіп, оларды қорғауға алу үшін?

Ахметжан: Дұрыс айтасың. Ал елімізде «Қазал кітапқа» енген өсімдіктерден бір – екеуін атай аласың ба?

Мадияр: Қиын сұрақ екен. Жауап бере алмаймын. Ал сен ше білесің бе?

Ахметжан: Мен де бұрын біле қоймайтынмын. Ал қазір биология пәнінен өтетін республикалық жарысқа дайындалып жүргендіктен, оқып –жаттап жүрмін.

Мадияр: Сонда қандай өсімдіктер енгізілген екен?

Ахметжан: Жалпы «Қызыл кітапта»140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген екен. Әрине, мен әлі бәрін оқып үлгерген жоқпын.

Мадияр: Сонда «Қызыл кітапқа» өсімдіктерге не үшін енгізеді екен?

Ахметжан: Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.

Мадияр: Сонда мен дұрыс түсінсем, «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады ма?

Ахметжан: Дұрыс айтасың. Мысалы кәдімгі емен, ақтұңғиық, сарғалдақ, қызғалдақ, кілегей т.б секілді өсімдіктерді жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.

Мадияр: Мен ол жағын білмеппін, енді біліп жүретін болдым.

clubgarag701
Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да, суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге:-        Ат басындай алтын берейін, қоя бер, - дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді.-        Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, - дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып:- Енді не берейін? - дейді бай. Кемпір:-        Жалғыз балаңды бер, жіберейін, - дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді. Кемпір байға:- Балаңды қай жерде бересің? - дейді. Сонда бай:-        Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың, - дейді.Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады. Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып жұртқа тастап кетеді. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады. Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын сақасын жоқтап, жылайды.Сонда әкесі:-        Кеше көшіп жүргенде жұртта қалыпты. Барып алып келе ғой, - дейді.Бала бармақшы болады да, әкесінен:-        Әке, қандай тайға мініп барайын? - деп сұрайды.-        Жылқышыдан сұрап мін, - дейді бай. Жылқышы балаға:-        Құрығыңды құлдыратып, жүгеніңді сылдыратып, жылқыға бар. Қай тай бетіңе қараса, соны мін, - дейді.Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге:-        Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! - дейді.Сонда кемпір:-        Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам - тұра алмаймын, тұрсам - отыра алмаймын, - дейді.Сонда бала:-        Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын, - дейді.Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді. Әрі-бері қуып жете алмайтын болған соң кемпір бір тісін жұлып алып, атып жібергенде тайдын бір аяғын жұлып түсіреді. Тай үш аяғыменқашып, жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады. Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де, кемпірге:-        Шеше, шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, - дейді.Кемпір жатады. Түлкі тісті суға атады да, қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады. Кемпір тұра келсе, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Кемпір тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі каза береді. Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп:-        Шеше, кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын, - дейді. Сонда жалмауыз кемпір:-        Сен кетпенімді алып қашып кетесің, - дейді.Сонда түлкі:-        Ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап жүргенде мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан бұл балада менің кегім бар, - дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді түлкіге беріп, өзі ұйқыға кіріседі. Түлкі тағы да кетпенін суға лақтырып жібереді де, шұқырды бітеп, өзі қашып кетеді. Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір тісін суырып кетпен қылып, бәйтеректің түбін қаза береді. Сонда кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты. Кемпір бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жаақындайды. Бір заманда баланың төбесінен бір топ қарға өтеді. бала қарғаға:- Ау, қарғалар, қарғалар, қанатымен жорғалар. Жайлаудағы бес төбетіме хабар айта кет, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, - дейді. Сонда қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді. Бір мезгілде үйректер төбеден ұшып өтеді, бала оларға да айтады. Олар да үндемей ұшып кете береді. Бір мезгілде бір қарлығаш бәйтеректің төбесінен әрлі-берлі ұшып жүреді де, баланың төбесіне келіп қонады. Бала қарлығашқа жылап тұрып, бұған да тапсырады.  

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мәтіннен жай сөйлемдерді қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз. ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросының (NBER) ғылыми - зерттеу жұмыстарына жұмылдырылған ғалымдардың болжамы бойынша, еңбек нарығында мамандықтарды машиналармен, автоматтандырылған жүйелермен және роботтармен алмастыру күтілуде. Робототехника, автоматтандыру және басқару жаңа сұранысқа ие мамандыққа айналуда. Алдағы жылдары роботтарды бағдарламалайтын, оларды құрастыратын, олардың жағдайын жақсартып және олардың аккаунтингімен айналысатын, автоматтандырылған тораптар мен өнеркәсіпті жобалау, қаптамалау және монтаждаумен айналысатын адамдар сұранысқа ие болады. Автоматтандырылған технологиялар мен робототехника әр сала бойынша барлық орындаушы мамандықтарды араластырады. Қазіргі заман жастарына өзі тәріздес түлектермен ғана емес, сонымен қатар жансыз роботтармен де бәсекеге түсуге тура келеді.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

mariashapar
tkozina
arturusinsk5
ajuli2
Valerevna Tuzova
FATAHOVAMAINA
Aleksandrova Zhanna1250
snabdonm501
Olegovich Nikolaevna
ГармаеваЕкатерина1637
arsen-ai-ti
libirishka7910
annabanova9
Мария-Кострыгина175
ВасилийКлимова1695