1. Интернет қызметі дегеніміз - әлемнің түкпір түкпіріндегі адамдар мен мәліметтерді байланыстыратын желі.
2. Соңғы жылдары Интернет өмірімізге мықтап енгені сонша, қазір онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, балабақша ақысын төлеу, білім беру қызметтері, пойыз/ұшақ/автобус билеттерін сатып алу, концерт, көрме, бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан көрікті жерлерге виртуалды экскурсиялар ... Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады. Интернет арқылы кәсіпорындар тауарларын жарнамалайды, дәрігерлер әріптестерімен, оқытушылар мұғалімдермен онлайн-консультациялар ұйымдастырып, вебинарлар өткізеді. Тіпті БАҚ өз сайттарын құрып, сол жерде жаңалықтар жариялайды. Әрине, ғаламтордың арқасында сіз тек қоңырау шалып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшардың басқа жағындағы туыстарыңыз бен достарыңызды көре аласыз, оларға жеделхат немесе бейне құттықтаулар жібере аласыз, қашықтан оқып, білім аласыз ...
3. Интернет желісіне қосылу үшін модем қажет.
4. Электронды пошта дегеніміз - ғаламтор беттеріндегі қызмет түрі. Электронды пошта арқылы достар мен туыстармен хат немесе түрлі бейне файлдар алмасып, хабарласып тұруға болады.
5. WWW дегеніміз ағылшын тілінде World Wide Web — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтін үзіндісін мұқият тыңдап, жұпта сұрақтарға дәлелді жауап беріңіз.Cұрақтар: Мәтінде айтылған нағыз достықтың үлгісін қалай бағалайсыз?Шынайы достық өзіңді құрбан етумен ғана өлшене ме?Дәл осы жағдаятта досты құтқарудың басқа да амалдары бар ма? «Адамды досына қарап таны» дегенді қалай түсінесіз? Екі досЕртеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар», - деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
Тест жауаптары.
1. Синонимнің анықтамасын белгілеңіз.
E) Айтылуы әр түрлі, мағынасы ұқсас сөздер.
2. Қазақ әліпбиіндегі әріптер санын анықтаңыз.
C) 42.
3. Тек қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөз қатарын белгілеңіз.
C) Қатық, тас, көк.
4. Барыс септігінде тұрған туынды зат есімді белгілеңіз.
B) Бишіге, оқушыға.
5. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін көрсетіңіз.
A) Бастауыш, баяндауыш.
6. Мемлекеттік туымыздың авторы кім екенін көрсетіңіз.
E) Ш.Ниязбеков.
7. Түбірлес сөздер бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Биші керемет би биледі.
8. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз.
Әмина әже немерелері... орманға келді.
E) -мен.
9. «Түп-түзу ...» сөз тіркесіне сәйкес келетін сөзді табыңыз.
B) Қайың.
10. Ортақ етісті анықтаңыз.
C) Сөйлесті.
11. Мезгіл үстеу нені білдіретінін анықтаңыз.
D) Іс-әрекеттің жалпы мерзімін, уақытын білдіреді.
12. Сұраулық шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Бүгін тойға келмегендер бар ма?
13. Одағай сөйлем соңында келсе, алдына қандай тыныс белгісі
қойылатынын көрсетіңіз.
A) Үтір.
14. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені белгілеңіз.
Гүлден ерте тұрды.
A) Пысықтауыш.
15. Шартты бағыныңқылы cабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын
көрсетіңіз.
B) -са, -се.
16. Төл сөзге қажетті тыныс белгісін табыңыз.
«Көп сөз айтудың қажеті жоқ», деді бауыры.
A) Дефис.
17. Фразеологиялық тіркестің мағынасын белгілеңіз.
Иман жүзді.
D) Мейірімді.
18. Сөйлемдегі антоним сөздерін көрсетіңіз.
B) Қараңғы қанша дүниеде, дүниеде қанша жарық бар?
19. Жіктеу есімдігінен болған сөз тіркесін белгілеңіз.
B) Оған айтты.
20. Жақты сөйлемді табыңыз.
E) Басқаны ауызға да алмаймын.