tarasovs
?>

2-тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің қайсысы неологизм (жаңасөздер), қайсысы термин сөздер екенінанықта.Неологизмдер (жаңасөздер)Терминсөздер​

Казахский язык

Ответы

elena-vlad822828

Термин с

Саябақ,Елбасы,нысан,қуаттайтын құрылғы,концерттік бағдарлама,

неолгизм с

инфрақұрылым,Wi-fi,филармония,амфитеатр,технология,ақпараттық агенттігі

Объяснение:мен де осылай жаздым бари дурыс

Сергеевич

Жеті саны.

Сан мыңдаған дәуірді өткерген дана халқымыздың дәстүріне сай киелі ұғымдар бар. Соның бірі 7 саны. Барлығымызға білетіндей жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, т.б. мысалға келтіруге болады. Тіпті ерте замандардан бері қарай осы бір санның бойында тылсым құпия бар деп айтылып келеді. Ол қандай құпия? Оны әлі ешкім білмейді, әлі күнге дейін бізге жұмбақ. Қазақ халқы жеті санын киелі деп санап, өзінің дүниетаныма арқау етіп келеді. Сайтымызда жеті саны туралы көптеген материал жазылды. Бүгін онда қамтылмаған бірнеше деректі ұсынуды жөн санадық. Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы "Жеті жарғының" да жеті болуы тегіннен тегін емес.

Адамның жеті жетекшісі жайлы кезінде Саққұлақ би айтып кеткен екен.

7 жетекші.

1. Адамның басшысы ақыл.

2. Жетекшiсi талап.

3. Жолаушысы ой.

4. Жолдасы кәсiп.

5. Қорғаны сабыр.

6. Қорғаушысы мiнез.

7. Сынаушысы халық.

Бұдан бөлек, 7 күн мен 7 ғалам бар.

7-күн

1. Бүгін.

2. Ертең.

3. Бүрсігүні.

4. Арғы күні.

5. Ауыр күн.

6. Азына күн.

7. Соңғы күн.

7 ғалам.

1. Күншығыс

2. Күнбатыс.

3. Түстік.

4. Терістік.

5. Аспан жоғарғы ғалам.

6. Жер ортаңғы ғалам

7. Жер асты төменгі ғалам.

7 амал.

1. Күннiң тоқыраүы.

2. Қарашаның қайтуы.

3. Үркердiң батуы.

4. Мұздың қатуы.

5. Киiктiң матауы.

6. Қыс тоқсан.

7. Ай тоғамы.

Халқымыздың жетіқарақшы жұлдызы туралы да наным түсінігі бар. "Жетіқарақшы" сөзін "жеті қараушы, жеті сақтаушы, жеті күзетші" деп түсінгеніміз абзал. Ел жадында сақталған "Жетіқарақшыны таныған жеті түнде ада " деген сөз осының айғағы болса керек. Халқымыз жетіқарақшыны аспан сағаты деп атайды. Себебі, ата-бабаларымыз оған қарап түнгі уақыттарын мөлшерлеп, ауа-райын болжаған. Жетіқарақшы.

1. Дубхе (Ерік)

2. Мерак Жігер)

3. Фекда (Қайрат)

4. Мегрец (Қуат)

5. Алиот (Ырық)

6. Мицар (Құдірет)

7. Алькаид (Дес)

Тағы айта кетерлік дүние қазақ халқында "жеті шелпек" деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: "Қабыл болсын", дейді, таратушы: "Әумин!" деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: "ата-бабаларға тие берсін" деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын "Жеті нан әрқашан әруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді", дейді. Ал, жапондықтардың ойынша "жеті" саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты жетінің киелі ұғымы немесе өзге де жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол, т.б. халықтарда да бар. Демек "жетінің" киелі мән алуы түркі халықтарына ғана емес, басқа халықтарға да тән құбылыс. Мәселен, Қытай мәдениетінде де "жеті" саны киелі сан. Қытайлар адам қайтыс болғаннан соң 7-ші, 21-ші күні, 49-шы күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар "жетісі", "үш жетісі", "жеті айы" деп атап "аруақтар күндері" деп есептейді. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, "Алпамыс батыр" эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама... Қорыта айтқанда, "жеті" қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әрқайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн. Қазақ халқында 7 саны ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспа, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы, т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз, т.с.с болып кездеседі. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса дана адам болып есептеледі.

ilukianienko458

Ғұн мемлекетінің құрылуы. Ғұндар тарихта жақсы белгілі. Жоғалып кеткен халықтың аты жауынгерлікпен, қатыгездікпен және тағылықпен ұштасып жатады. Б.з.б. ІІІ ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп               әскер жасақтап өздерінің мемлекетін құрды. Алайда, ғұндардың алғашқы билеушісі Тұман шаньюйдің тұсында қытайлармен жүргізілген қақтығыстан мемлекет біршама әлсіреді. Ғұн мемлекетінің айтарлықтай нығайып, күшеюі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ол ғұндардың «Шығыс империясын» б.з.б. 209-174 жылдар аралығында басқарды. Мөде шаньюй ғұн мемлекетін нығайту мақсатында Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы береді.  Қытайлар ғұндардан қорғану үшін б.з.б. ІІІ ғасырда бар болғаны 2 жыл ішінде ұзындығы 5 мың шақырым, биіктігі 6-10 метр, ені 5-6 метр әскери қорған салғызуға мәжбүр болған. Ол тарихта «Ұлы Қытай қорғаны» деп аталады. Б.з.-дағы ІІ ғасырда ғұндар оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Б.з.б. 188 жылы Қытайдағы Хань әулетінің императоры Гао-цзу ғұндардан жеңілгеннен кейін Мөденің алдында бас иіп, «тыныштық пен бейбітшілік» туралы келісім-шартқа қол қоюға, жыл сайын салық төлеп отыруға мәжбүр болады. Ғұндар үйсіндердің бір бөлігін, саян-алтай тайпаларын талқандап, Қытайға қарсы табысты соғыстар жүргізген. Соның нәтижесінде ғұндар Байкалдан Тибетке дейінгі, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі зор аумаққа иелік етті.

   2. Ғұндардың қазақ жеріне алғаш қоныс аударуы. Этникалық құрамы жағынан әр текті көшпелі тайпалардың Орталық Азиядан Қазақстан аумағы арқылы батысқа қарай жылжуы тарихта – «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталады. Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті өзара ішкі тартыстар мен сыртқы қысымдардың әсерінен күйреуге ұшырап, оңтүстік және солтүстік ғұндар мемлекеті болып екіге бөлінеді. Мемлекеттің оңтүстік бөлігін Хуанхэ шаньюй, ал солтүстік бөлігін оның інісі Чжи-Чжи басқарды. Солтүстік ғұндардың ордасы Монғолияның солтүстік-батысындағы Қырғыз-Нұр көлінің маңына орналасады. Осы жерден олар үйсін тайпаларына және Қытайға жорықтар ұйымдастырды. Солтүстік пен оңтүстік ғұн мемлекеттері арасында жер мен билік үшін өзара қырқыс басталды. Уақыт өте келе оңтүстік ғұндар Хань империясына бағынды. Ал, солтүстіктегі ғұндар Хань империясы мен оңтүстіктегі ағайындары жиі-жиі шабуыл жасап мазасын алған соң тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында Солтүстік Монғолия және Шығыс Түркістанға қарай қоныс аудара бастады. Бұл ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия аумағына қоныс аударуының алғашқы толқыны еді. Ғұндардың Қазақстан жеріне қоныстануына байланысты Шығыс Иран тайпаларының, қаңлылардың түркіленуі басталады.

     Б.з.б. 55 жылы Қазақстан жеріне бірінші қоныс аударуда ғұндарды Чжи-Чжи басқарды. Олардың, бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Қаңлылармен  одақтаса отырып, ғұндарды біріктіру мақсатын көздеген Чжи-Чжи өз қарауындағы ғұн тайпаларымен бірге Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жеріне қоныс аударады. Осындай жағдайда Қаңлы ханы Чжи-Чжимен одақ құрып, оны үйсіндерге қарсы пайдаланбақ болады. Осы мақсатпен қаңлы ханы Чжи-Чжиге Талас алқабынан жер бөліп беріп, өзінің атты әскеріне қолбасшылыққа тағайындайды. Алайда Чжи-Чжи бастаған ғұн тайпалары қаңлылардың үмітін ақтамайды. Осыдан кейін Чжи-Чжи қаңлы билеушісінің қосынынан қуылып, Талас өзенінің жоғарғы жағына кетіп, сол жерден өзіне қала тұрғыза бастайды. Чжи-Чжи Ферғана мен Парфия билеушілерінен қала құрылысына алым-салық ретінде қаржы алып отырады. Қаланы салуға құрылысшы мен шеберлерді де сол жақтан пайдаланады. Қала 2 жылда салынып бітіп, сырты мықты екі қорғанмен қоршалды. Оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар кесек топырақтан тұрғызылған дуалдан болатын. Чжи-Чжидің күшеюінен Қытай империясы қатты алаңдайды. Көп кешікпей жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскерлері оған қарсы жорыққа шығады. Б.з.б. 36 жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас аймағында          2 күнге созылды. Чжи-Чжи өз қаласын қорғауда римдік қолбасшы Марка Крас армиясының жауынгерлерін пайдаланады. Алайда ғұндардың қаһармандықпен қорғанғанына қарамастан қытайлар қалаға басып кіріп, қамалды басып алады. Чжи-чжи және оның әскерлері мен көптеген туыстарын қосқанда барлығы 1518 адам тұтқынға түседі. Қытайлар Чжи-Чжидің басын алып, 1200-дей жауынгерін үйсін мен Ферғана билеушілеріне сыйға тартады да, қалғандарын өлтіреді.

 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

2-тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің қайсысы неологизм (жаңасөздер), қайсысы термин сөздер екенінанықта.Неологизмдер (жаңасөздер)Терминсөздер​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ДеречинскийИрина1149
Михаил1121
romka1210
Vladmouse32506
nailboxru
dimanov
xcho1020
VSArsentev
Валуева
Natalya
Tatyana_Minullina
zbellatriks
magichands68
Sergeevich-irina
abadaeva