Арғын тайпасының Атығай руының Құдайберді тармағынан шыққан[1].
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер ба Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.
1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.
1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.
Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды.
Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабаевқа” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.
Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен М.Жұмабаев қатаң сынға алынды. Мағжан 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
1929 жылы М.Жұмабаев “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Слушайте текст. Задайте 5 вопросов по содержанию текста Правила работы с компьютером Врачи говорят, что детям нельзя сидеть за компьютером более 2 часов, взрослым более 5 часов, выучить правила работы на компьютере, посидеть полчаса метр от компьютера. Не превращайте компьютер в игрушку. Не сидите долго за компьютером. Используйте при необходимости. Ваше зрение ухудшается. Установите ежедневное время, чтобы сидеть за компьютером. Делайте перерыв каждые 15 минут, сидя за компьютером. Во время перерыва делайте упражнения для глаз. Посмотрите вправо, влево, вверх, вниз и закатите глаза. Выглянуть в окно. Затем посмотрите на что-нибудь близкое вам. Повторите это упражнение несколько раз. Надевайте специальные защитные очки. В компьютерном зале не должно быть пыли. Не ешьте перед компьютером. Проветрите комнату и очистите воздух. Слишком долгое удержание мыши может вызвать боль в пальцах. Научитесь правильно работать с компьютером!тапсырма . Мәтінді тыңда . Мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ қой Компьютермен жұмыс істеу ережесі Дәрігерлердің айтуы бойынша , компьютерде балалар 2 сағаттан , үлкендер 5 сағаттан артық отырмауы керек , Компьютерде жұмыс істеудің ережесін біліп ал , Компьютерден жарты метр алыс отыр . Компьютерді ойыншыққа айналдырма . Компьютер де ұзақ уақыт отырма . Керек кезінде пайдалан . Көзіңнің жанары нашарлайды . Күнделікті компьютерге отыратын уақытынды белгіле . Компьютерде отырғанда 15 ми нут сайын үзіліс жаса . Үзіліс кезінде көзіңе жаттығу жаса . Оңға , солға , жоғары , төмен қарап , көзіңді айналдыр . Терезеден алысқа қара . Содан кейін өзіңе жақын тұрған затқа қара . Осындай жаттығуды бірнеше рет қайтала . Арнайы қорғаушы көзілдірік ки . Компьютер тұрған болме шаң болмауы керек . Компьютердің алдында тамақ ішпе . Бөлмені желдетіп , ауасын тазарт . Тінтуірді көп ұстап отыру саусақ ауруына ұшыратады . Ком пьютермен дұрыс жұмыс жасай біл !
Объяснение:
1.Балалар компьютерде неш сағат отырыуы керек?
2.Компьютермен адамның арақашықтығы неше метр болу қажет?
3.Неше минут сайын көзге жаттығу жасап отыру керек?
4.Қандай көздің жаттығуларын жасауға болады?
5.Компьютер тұрған бөлме қандай болуы керек?