Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» ба Жалын» альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-да аға ғылым қызметкер, доцент, «Жазушы» ба бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан «Жұлдыз» журналының бас редакторы. «Кешқұрым» атты тұңғыш әңгімесі «Жұлдыз» журналында жарияланды (1964). Соғыстан кейінгі ел өмірі бейнеленген
«Ақша қар» (1969);
«Бір атаның балалары» (1973);
«Қияндағы қыстау» (1977);
«Көк кептер» (1979) әңгіме, повестер жинақтары мен;
«Көк мұнар» (1971);
«Шақан шері» (1984).
романдары басылып шықты. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайыридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім, секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұқар, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген. «Қобыз сарыны» (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
10-тапсырма. Жүзіктің 1-тапсырмасын орындаңдар. 11. Зәмзәм суы және басқа да жалпы су туралы қызықтыақпарат жинаңдар
Зәмзәм – Меккедегі қасиетті құдық. Кағбадан оңтүстік-шығысқа қарай 20 м жерде, Бани Шайба есігінің қара тасқа (Хажар ул-Асуад) қарама-қарсы орналасқан. Үсті күмбезбен көмкерілген бұл қасиетті құдықтың тереңдігі 42 м. Хадистерде Зәмзәм құдығының қасиеті туралы былайша баяндалады: Ибраhим пайғамбардың (ғ.с.) жұбайы Сара ұзақ уақыт бала көтермеген соң, Хажар есімді мысырлық әдемі бір күңді (жарис) күйеуіне некелеп қосады.Хажардан Исмаил пайғамбар (ғ.с.) дүниеге келеді. Алайда, Сара күндесінің мұндай бақытын қызғана бастайды. Сондықтан Ибраhим пайғамбар (ғ.с.) Хажар мен Исмаилды (ғ.с.) алып, Меккеге әкеліп орналастырады. Ашығып қалмасын деп азын-аулақ құрма мен су қалдырады. Ибраhим пайғамбар (ғ.с.) кеткеннен кейін су таусылып, шөлдеген сәби шырылдап жылай бастаған соң, Хажар су іздеп Сафа мен Мәруә төбелері арасында жан ұшырып жүгіре береді. Сол уақытта Жәбірейіл періште аяғының (немесе қанатының) ұшымен Мәруә төбесінен жерді қазып, су шығарады. Кейін жүрhүм жұрты бұл қасиетті құдықты бітеп тастайды. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) атасы Абд ал-Мутталиб түс көріп, Зәмзәм құдығының орнын тауып алады. Аббас әулетінен шыққан халиф Әбу Жафар Мансұр Зәмзәм құдығының айналасына мәрмәр тасын орнатқан.
білетін ақпаратым