Объяснение:
Ауызекі тіл , ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар.[1] Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі — әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады.
Объяснение:
Сақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханшайым әлемдегі ең атақты әйел патшалардың бірі. Ержүрек батыр, әділ ел билеуші ретінде әлем тарихында қалған Тұмар ханшаның есімі өз заманында «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсы патшасы Кирдің Орта Азияға жасаған басқыншылық жорығымен тікелей байланысты. Тарихи деректерде қанқұмар Кирдің соғыс ашу мақсатында жесір қалған Томирис патшайымға өзіне әйел болу туралы ұсынысты елшілер арқылы әдейі жібергендігі баяндалады. Кирдің өзіне емес, елі мен жеріне «құда түскелі отырғанын» жақсы түсінген патшайым оның ұсынысын қабылдамайды. Осылайша, қулығын іске асыра алмаған Кир массагеттерге ашық соғыс жариялайды. Алғашқыда айла-шарғымен массагет әскерлерін уландырып, қолға түсірген Кир жеңіске жеткендей болады. Бірақ, негізгі әскери күшінен, оған қоса ұлы Спаргапестен айрылғанына қарамастан, Томирис дереу басқыншыларға қарсы қол жинап, шабуылға шығады. Нәтижесінде массагеттер жеңіске жетіп, Кирдің өзі қаза тауып, әскерінің көпшілігі қырылды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Катаклизмдердің алдын алу үшін не істеуге болады?
Алдын алу дегенді таппадым кешіріңіздер