zoomagazinkotmatroskin
?>

Жақсымен дос болсаң, Алдыңнан шығар елпектеп...Жаманмен дос болсаң, Сыртыңнан жүрер өсектеп. Өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, еліктеу сөздерді қолдану арқылы эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 100 сөз. ​

Казахский язык

Ответы

lagutkins

Достық туралы бірер сөз

Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп...

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Махамбет ақын «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - депті. Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді. Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам шынайы достыққа лайық емес. Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты. Мүмкін бізге достар да, достық та қажет емес шығар? Әрине, жоқ! Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

– Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық.

– Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.

Мысалы: Қалай ойлайсың, бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскерлік байланыспен ғана шектеліп қалған сияқты емес пе? иә, қазіргі заманда достыққа деген құрмет пен сенім түсіп кеткен.Ақшаң үшін байлығың үшін араласатын достар қаншама,қиын шақта жаныңнан табылатын еш кім болмайды.Бетіңе күліп қарап артыңнан пышық сұғатың достар көбейген.Өзіңе адал дос табу өте қиын

Объяснение:

Bogdanov

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барып, сұрапыл жылдардағы естеліктері мен жылы лебіздерін тыңдап қайтты. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында милиция қызметі ардагерлерінің арасында 9 майдангер, 28 тыл еңбеккері мен соғысқа қатысқандардың 8 жесірі бар.

Шаяхмет Мырзақанов – 90 жаста. Сол бір сұрапыл жылдар Ұлы Отан соғысы ардагерінің әлі есінде. Соғыстан кейінгі жылдары ол Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында қызмет атқаруды жалғастырған. Ол әр жыл сайын өзге ардагерлермен бірге туған ведомствосына құрметті қонақтардың қатарында келіп тұрады. Үстіміздегі жылы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов пен ведомстводағы ардагерлер кеңесінің мүшелері қарт сарбаздың үйіне халін сұрай келді. Жеңіс күні қарсаңында майдангердің кеудесіне медаль тағып, материалдық көмек және сыйлықтарын табыстады. Ал ақсақал отты жылдары бастан өткерген естеліктерімен бөлісті. «Сіздің ерлігіңіз – батылдықтың, әскери және азаматтық міндетке берілгендіктің үлгісі. Сіздің ерлігіңіз әрдайым біздің жадымызда. Оны ұрпақтан ұрпаққа айтып отыратын боламыз. Осындай бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымыз үшін, Жеңіс үшін алғысымыз шексіз», – деді ІІД бастығы майдангердің үйінде. Шаяхмет Мырзақанұлы қонақтарға келгендері үшін алғысын айтып, еңбек және өмір жолы жайлы естеліктерін әңгімеледі. Сұрапыл жылдардағы ерліктерімен Прасковья Кочнева да бөлісті. Ол көп жылдар бойы азаматтардың құжаттары мен куәліктерін дайындаушы болып қызмет атқарыпты. Капитан шенінде зейнетке шыққан. ІІД Әйелдер кеңесінің өкілдеріне генерал ұлы мен подполковник немерелері жайлы мақтанышпен айтып, бүгінгі полицияның жұмысы туралы сұрастырды. Облыстық ІІД медициналық қызметінің басшылығы да осы сынды шараларды қолға алып, 30 жыл адал қызмет атқарған Борис Иванович Пьяновқа келді. Соғыс аяқталған уақытта ол 9 жаста болған. Оның есінде соғыстан кейінгі жылдар ғана қалған. Хирург болып қызмет атқарып, кейін 1972 жылы ішкі істер органдарына медициналық қызметке ауысыпты. Запастағы подполковник ардагер жас қызметкерлермен жинақтаған тәжірибесімен, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, елде тыныштық пен таулықтың болуын тіледі. Сондай-ақ солтүстікқазақстандық полицейлер Жеңіс күні қарсаңында жерлес, Кеңес Одағының Батыры, милиция подполковнигі Филипп Чижиковті еске алды. Салтанатты шара Қызылжар ауданының Березовка селосында өтті. Ардагер өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында бастаған. КСРО ІІМ Алматыдағы офицерлер мектебін тәмамдаған соң, Түмен облысына қызметке жіберілді. Соңғы жылдары Ресей Федерациясының Воронеж облысында милиция қатарында қызмет істеген. Майданда жүріп қалаларды жаудан азат ету кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы, Алтын Жұлдыз медалі мен Ленин ордені берілген. 

Janaz842060

Бауыржан Момышұлы.

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 74 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс  ұмытылмастай ізін қалдырды. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.

Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Бауыржан Момышұлы отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсіп, аты аңызға айналды.

Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған өр тұлғалы азамат, қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Жақсымен дос болсаң, Алдыңнан шығар елпектеп...Жаманмен дос болсаң, Сыртыңнан жүрер өсектеп. Өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, еліктеу сөздерді қолдану арқылы эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 100 сөз. ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*