Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады: Қымбат маған елімнің бар даласы, Балтық пенен Сахалиннің арасы. Қайда болсам қиям оған жанымды, Туған жерден қазсын бірақ қабірді. Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Бжб көмек қазақ тілі қандай десеңші! Жаңа піскен қызанақтай қып-қызыл! Өзі Айсәулеге шақтап тігілгендей, денесіне қона кетті. Бұған дейін кигендері түсі оңып кеткен, ескі-құсқы бірдемелер болушы еді. Айсәуленің әкесі былтыр жұмған, бес баланың жауапкершілігі анасына жүктелген, қайта үлкені Жанар жақында көлік жуу орталығына Қызыл көйлек Айсәуле 5-сыныпта оқиды. Бүгін оған әпкесі жаңа көйлек сатып әкелді. Көйлек жұмысқа тұрған... Айсәуле қуаныштан аяғы жерге тимей жүгіріп құрбысы Нұргүлге барды. Құрбысының көйлегі Нұргүлге қатты ұнап, тамсанып біраз тұрды: - Туу, көйлегің әдемі екен! Кім әперді? -Жанар əпкем сатып әкелді. Жап-жаңа көйлек! Нұргүл үндемеді. Өзінің үстіндегі тозған, ескі көйлегіне қарап жүзін төмен салды. Оның тағдыры да Айсәулеге ұқсас еді. Бұрылып бара жатып, жасқа шыланған көзін сүртті. Анасы Айсәулеге: -Қыдырғанда киесің азірге шешіп қой енді кірлетесің ғой -деп еді, Айсауле әдемі көйлекті шешуге қимады. Күнде кие бергесін бе, терлегесің бе, әйтеуір, Айсәуленің көйлегі көп ұзамай кiрлеп қалды. Анасы жуып, жіпке іліп қойған көйлегінің тез кепкенін күтіп Айсәуле ағаш түбінде отыр еді. Сәлден соң анадай жерде отырған Нұргүлдің сары мысығына көзі түсті. Менің көйлегімді торуылдап жүрсің бе?- Бүлдірмексің ғой. Қайт үйіңе, кәне, пыш-пыш әрі!- деп, мысықты қуалай жөнелді. http:zhanatbakyt.kz/index.php/gimeler/115-yzyl-k-jlek 1-тапсырма. Мәтін мазмұнынан негізгі мен қосымша ақпаратты тауып, санамалап жазып шығыңыз. Plc | Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат2-тапсырма. 1.Төмендегі сөздер ішінен ілгерінді ықпалды тап? А. жауапкершілігі В.көйлегі С.қызанақтай 2.Төмендегі сөздер ішінен кейінді ықпалды тап? A. анасы B. аяғы С.жерге Д. жұмысқа 3.Төмендегі сөздер ішінен сөз аралығындағы кейінді ықпалы бар сөздерді тап? А. бес бала В.ескі көйлек С.жаңа көйлек Джұмысқа тұрған Е. шақтап тігілген Ж.шешіп қой З.көз жұмған 4.Төмендегі сөздер ішінен сөз аралығындағы ілгерінді ықпалы бар сөздерді тап? А. біраз тұрды В. болушы еді c. көйлегіне қарап д қуалай жөнелді Е. кона кетті ж. сатып әкелді. көмек
ответ:негізгі ақпарат :1 Айсәуленің қызыл көйлегі әр - әдемі
2 Көйлегі қызыл қызынықтай
3 Нүргүлге көйлегі қатты ұнады
Объяснение: