Қазақша күрес – қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан спорт ойындарының бірі. Басқа халықтардың ұлттық күрес түрлерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзіндік ерекшеліктері көп. Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерінде жеткен жетістіктерін дәріптейтін жиын-тойларда өткізілді. Бұрын қазақша күрес «Күш атасын танымайды» деген түсінікпен салмағына, дәрежесіне, жасына қарамай өткізіле берген. Тіпті, ағасы мен інісі күресіп қалатын кезі де болған. Сондай-ақ, күрестің белгілі бір жүйеге түскен белдесу ережесі де болмаған. Күреске түскендер үлкен-кішілігіне қарамай, қайсысы күшті болса, сол жеңіске жеткен. Жиын-тойларда ғана күш сынасып қоймай, кім жеңеді деп егеске түскен екі балуан кездескен жерде ат үстінен түсе қалып, белдесе кететін болған. Ел ішінде атақтары жайылған Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар т.б. осындай алып балуандар болды.
Төреші күресуге шыққан балуандарды қолдарын айқастыра ұстап белдестіреді. Бұл белдесуді қазақтар «қоян-қолтық ұстасу» деп атайды. Белдесу барысында, ереже бойынша, қолды белбеуден босатуға болмайды. Қазақша күресте қолданылатын әдіс-тәсілдердің негізгі түрлері мыналар:
– Иықтан асыра лақтыру әдісі (лақтырылған балуан құламай орнында тұрып қалуы керек);
– Әдіс қолданған балуан өзі құлай беріп, қарсыласын астына түсіру; – Қарсыласын жамбасқа салып жығу;
– Іштен шалып жығу;
– Сырттан шалып жығу;
– Қарсыласын қырқа шалып жығу (артқа құлату).
ElenaEgorova1988576
21.03.2023
Мен саяхат жасауды ұнатамын,Сондықтан басқа шет мемлекетке барғанда мен ұшақпен ұшамын,Ал ағам болса ұшақпен ұшудан жаман қорқады ,сондықтан ол поездмен жүреді,Мен әжемнің ауылына барсам тек автобусқа немесе таксиге отырамын,Бірақ кейде мен үлкен кемемен саяхатқа шығуды армандаймын
Я люблю путешествовать,И поэтому когда путешествую по другим странам лечу на самолете А мой брат очень боится летать на самолетах и поэтому он ездит на поезде Я когда еду к бабушке в деревню,то сажусь в автобус или еду на такси Но иногда мечтаю путешествовать на большом пароходе