Объяснение:
Ертеде, мыңды айдаған, азуы алты қарыс бір бай болған екен дейді. Байдың ұлы көп, ал қызы жалғыз–ақ екен дейді. Қызы бет біткеннің көріктісі, асып туған перизат. Өзі және ақылды, өнерлі. Ата-анасы әлпештеп өсіреді. Әкенің ойы қызың хан баласына немесе ақылгөй би баласына беру.
Күндердің күні сол елге бір сері жігіт келеді. Өзі сұлу, өзі әнші, өзі күйші. Сегіз қырлы, бір сырлы. Жігіттің сұлтаны. Үлкен де, кіші де оны ауыздарынан тастамай мақтаумен болады. Бірде жігіт байдың қызымен жүздеседі. Екеуі де махаббат отына жанып, жас жүректер жалындап табысады. Бірақ қыздың әкесі олардың қосылуына өлмейінше ризашылық берер ме? Соны білгендіктен, қос ғашық ретін табады да, екі сәйгүлікке мініп, түн жамылып, қашып кете барады. Талай күн, талай түн бел шешпестен суыт жүріп, Бурабайға келіп жетеді. Қуғыннан қара үзіп кеттік, ізімізден адастардық деген қуанышты көңілмен осы араға тоқтайды. Күміскөлдің жағасына хош иісі аңқыған жасыл жапырақ, көк балаусадан қос тұрғызады. Жігіт анау-мынау шағын кемеге бергесіз үлкен, сәнді қайық жасайды. Онымен екеуі көл бетіне шығып сайрандайды. Күміскөлдің теріскей – шығысы тұсындағы әдемі иінге жиі барып, ұзақ-ұзақ аялдайды. Көкшенің көлеңкесі үнемі түсіп тұратындықтан ба, әлде басқадай бір сыры бар ма, әйтеуір қолтыққа ұқсаған бұл иін алқара көк тартып, күміс судан бөлек бояумен әдемі әсер туғызады. Сол реңкіне қарай оны ата-бабаларымыз Көгілдір қолтық деп атаған екен. Екі жас осы Көгілдір қолтық айдынында тамылжыған табиғатқа тәнті болады. Суда шоршып ойнаған байлықтарды қызықтайды. Махаббат періштесіндей аққуларды тамашалайды.Қосылған қос аққудай екі жастың махаббатқа мас, қызықты күндері осылайша өтіп жатады. Бұл кезде оларды қыздың ағалары шарқ ұрып іздеп жүр еді. Қызының салт басты, сабау қамшылы бір "әуейімен" қашып кеткенін білгенде әкесі жер тепкілеп күркіреген болатын. Бүкіл елін қырып жібере жаздаған. Ұлдарына жасақ қосып беріп, қуғынға аттандырған. Жігітті өлтіріп, қызын қайтып әкелуге қатал әмір еткен. Әке қаһарынан қорыққан ұлдарының бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Айлардан-айлар өткен бір кездері қашқандар ізінің сорабын дәл тауып, қауіп-қатерсізде төбеден түсуге шақ қалады. Әйтеуір, құдай сақтағанда, екеуінің көзі олардың қарасын ертерек шалып қалған еді. Оны-мұны керектерін ала жан ұшырып қайыққа жетіп үлгіреді. Бөгелместен көлге шығып кете барады. Қуғыншылар бармақ шайнап қала береді. Бірақ кейін қайтпайды. Бай қаһары қатты. Жағалауды торуылдап жүреді де қояды. Олар қайықтың Көгілдір қолтыққа жиі соғатынын байқайды. «Қайық бір табылса осы арадан табылар» деп аңдиды. Қалың жапырақ жамылып, жасырынып, садақ ыңғайлап тұрады. Оларды екі жас аңғармайды. Бір жолы жағалауға тым жақын келіп тоқтамай ма. Оңтайлы сәтті пайдаланған қыз ағалары қапы жібермейді. Жігітті кеудеден көздеп, садақты тартып кеп қалады. Найзағайдай зу еткен сұр жебе жігіттің тура жүрегіне қадалады. Жігіт қайықтан ауып құлап түседі. Күміс суды қызыл қанға бояп, шым батып кете барады. Ғашық жарынан арманда айырылған аяулы ару қайғыдан зар еңірейді. Сүйгенінің артында қалған тіршіліктен безінеді. Екі кеш зауал шақта таудан асып бара жатқан күн көзіне қарап, екі қолын бірдей созып, тәңірге жалбарынады. Өзін қайғымен бірге тасқа айналдырып жіберуін тілек етеді. Жасаған ие оның шын төгілген көз жасын қабыл қылады.
Кейінде ата-бабаларымыз кіршіксіз махаббатқа куә сол тасты Жұмбақтас деп атапты. Бір жағынан қарасаң кәдімгі кеме, екінші жағынан – шашын жел жұлқылап тұрған пісте мұрын қыз. Сәл бұрыстау жылжысаң, ару қызымыз қайғыдан мүжілген кемпірге ұқсап кетер еді.
Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн аль-Хасан ибн Әли ибн Сина Батыс елдерінде Авиценна атымен белгім - алым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-женı Абу Али Хусейн иби Абдаллах Иби Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен малiм. Ибн Сина өзiнен кейiн зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456-ға жуык еңбек жазды, бiрақ бiзге дейiн оның 240 кітабы гана жеттi, ол енбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аякталып, бiлiмнiң барлық саласына арналған. Үлкен атаққа ибн Сина дәрiгер, ғалым және фармацепт ретiнде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сурсе де (980-1037), оның емiрi мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келедi. Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бухара маңындағы Афшана ауылында дуниеге келген. Оның өзі жазған (ал оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған әмiрбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы ибн Сина былай деп жазады .Менiн әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған саманидасы кезiнде Бухараға кешiп келіп, онда терелер кеңесiнде жұмыс iстедi. Оның қарамағына Бухара еңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанга жакын ауылдан, менiн анам Ситара-жулдызды өзiне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менiң iнiм дуниеге келді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составить 5 предложений со словом өз на казахском.