Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
ответьте на вопросы по тексту без спама. 1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз: ДК құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңыз. Компьютердің сыртқы құрылғыларына нелер жатады? Сыртқы құрылғылар компьютердің процессорымен қалай жалғасады? Адаптердің міндетті қандай? Магистраль немесе шина дегеніміз не? Это текст: Дербес компьютердің құрамы Дербес компьютер – бұл электрондық аспаппен орындалатын, бағдарламамен басқару ақпаратты автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы. Оның синонимі – есептеуіш машина, электрондық есептеуіш машинасы (ЭВМ Компьютер бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы. Кез келген компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Негізгі құрылғыларға: жүйелілік блок, пернетақта, тінтуір, процессор, жад (жедел жад), қатқыл диск, CD-ROM, CD-R немесе DVR-ROM жинақтауышы, бейнеадаптер, монитор (дисплей) жатады. Қосымша немесе сыртқы құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: енгізу құрылғылары: мәтіналғы, дигитайзер, сандық фотокамера, графикалық планшет; шығару құрылғылары: басып шығарғыш, плоттер; бір мезгілде енгізу және шығару қызметін атқаратын құрылғылар: модем, дыбыстық бейімдегіш, желілік бейімдегіш. Компьютердің барлық құрылғылары компьютердің артқы тақтасындағы арнайы қосқыштар арқылы өзара байланыстырғыш шнурларымен жалғанады. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Мысалы, монитор процессор мен дисплей контроллері, ал басып шығарыш порттар контроллері арқылы және т.с.с. жалғасады. Контроллер немесе адаптердің міндетті – процессордан келіп түскен ақпараттарды сәйкес құрылғылардың жұмыстарын басқаратын сигналдарға аударады. Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель арқылы жалғастырылады, оны магистраль немесе шина деп атайды.
Объяснение:
ДК құрамына кіретін негізгі құрылығыларға жүйелілік блок, пернетақта,
тінтуір, процессор, жад (жедел жад), қатқыл диск,
CD-ROM, CD-R немесе DVR-ROM жинақтауышы,
бейнеадаптер, монитор (дисплей) жатады.
Компьютердің сыртқы құрылғыларына енгізу құрылғылары, шығару құрылғылары және бір мезгілде енгізу және шығару қызметін атқаратын
құрылғылар жатады.
Сыртқы құрылғылар компьютердің процессорымен арнайы блоктар –
адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.
Адаптердің міндеті – процессордан келіп
түскен ақпараттарды сәйкес құрылғылардың жұмыстарын
басқаратын сигналдарға аудару.
Магистраль немесе шина дегеніміз процессорді қалған құрылғылармен жалғастыратын топ сымды кабель.