Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді оқы. Мәтіндегі қосымша ақпаратты анықта. Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені түсіндіріріп жаз 1-мәтін Қиял туралы жалпы ұғым Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па? 2-мәтін Қиял Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын төзімділікпен заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Қиял туралы жалпы ұғым
Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па?