akbmaslafarkop3175
?>

Серык Конакбаевтын Казакстаннын спорт саласын дамудагы ролы кандай деп айлайсын ?

Казахский язык

Ответы

Lebedeva1577
«Көк тудың желбірегені, Жаныма қуат береді.» Қандай ой толғандырар тармақтар... Әсіресе, бірінші тармақтағы «көк тудың желбірегені» сөзін естігенде, жүрегіңе бір таныс сезім қона кетеді, биылғы XXX жазғы Лондон Олимпиадасы ойыңа түседі. Бұл Олимпиадада қазақтың туы жеті рет бірінші орынға көтерілді, спортшыларымыз жеті алтынды қазаққа тарту етті. Олимпиада алауының жанғанынан бері қазақ халқы спортшылармен бірге қуанып, бірге жылады. Ел қолдауының арқасында жеті алтын ел қоржынына кірді. Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова, Илья Ильин, Серік Сәпиев сияқты спортшыларымызды еліне еңбегі сіңген жеке тұлға, қайраткер деп атауымыз әбден дұрыс. Және де күміс, қоланы иемденген спортшыларымыз да елімізді мол қуанышқа бөледі. Көбі тани бермейтін Қазақстан мемлекеті жарқ етіп, әлем алдында көк туын он үш рет аспанға асқақтатты. Бұл қазіргі жастар, біз үшін – жігер. Спортшыларымыз ел қолдауын сезінген болар, сол елге барғандар да патриот халық екенін көрсетті, бармағандар да, теледидар алдында, өз аймақтарында отырып, спортшылардың тілеуін тіледі. Теледидар көріп отырғанда әр жағынан «Қазақстан, Қазақстан!» деген айғайды естігенде, өзің де сол жерде отырғандай сезінесің. Әлем көз тіккен байрақты бәсекеде 13 рет жеңімпаз атанған чемпиондарымыз – бізге өте лайықты үлгі. Елдің сүйіспеншілігіне бөленген, туған жерінің көк туын әлемге танытқан қандай жақсы! Ел үшін қызмет жасау ешқашан жойылмайды. Сол себепті біз де елге қызмет етіп, көк туды көкке желбіреткен тұлғаларымызды да құрметтеп, өзіміз де көк туымыздың желбіреуіне үлес қосайық: «Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес маған керегі, Көк тудың желбірегені.»
denis302007
Сүндетке баланы алдын ала дайындау

Қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларын бес-жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Сүндетке отырғызбас бұрын әрбір ата-ана баласын алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындайды. Алдымен "бір, екі. үш, төрт, бес, шүметайымның басын кес!" деп тақпақ үйретеді, "сүндетке отырғаннан кейін ғана сен нағыз жігіт боласың" деп күнделікті құлағына құя береді. Осындай әңгімелерге әбден еті үйренген бала осы бір күнді асыға күтіп, іштей дайын болып жүреді.

Сүндет тойына шақыру

Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алды ала белгіленеді. Бұл тойға тән ерекшелік - тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Айшықты тарланбозға мінген, сәнді кинген бозбала мен құйрығын шарт түйіп, жорға мінген сүндет бала көпшілікті тойға шақырады. Оның бауырсақ пен мәмпәси толтырылған қоржынынан тойға шақырылған үй иесі дәм татады да, түсті матадан жыртыс жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды.

Сүндетке отырғызу барысы

Сәрсенбінің сәтті күні ауыл молдасы баланы сүндетке отырғызады. Бұл рәсім былайша жүргізіледі: әкесі баланы дастарқанға шақырып, күлдіргі әңгімелер айтады, мақтауын жеткізе отырып, төсекке жатқызады. Үйде жалғыз қалған молда қолын үш рет сабындап жуып, құрал-саймандарын отқа ұстап, таза ақ шүберек, ұнның кебегі, кесе дайындайды. Молда бала көңілін аулайтын түрлі хикаялар айтып отырып, шүметайының артық терісін қаз майымен әбден уқалап, жанын кетіреді, оның қалайша шорт кесіліп қалғанын баланы өзі де аңғармай қалады. Ұнның кебегін сеуіп, қанын тоқтатады да, үстіне кесе төңкереді. Қара қотырланған жарасы қажалып, қанамас үшін етегі кең көйлек киген бала бір-екі күннен кейін жүгіріп кетеді. (Шүметайдың артық терісін перзенті немесе ұлы жоқ ата-аналар қалап алатын жоралғы бар).

Той сыйлары

Тойға келген адамдар "сүндетің қабыл болсын!" деп баланың айналасына жеміс-жидек пен тәтті дәмдер толтырып, жастығының астына ақша тығады. Сүндетелген бала ата-анасының сұрауы, өзінің қалауы бойынша жиналған қаржыны жұмсайды. Сүндет тойында ауқатты адамдар ат шаптырып, көкпар тартқан.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Серык Конакбаевтын Казакстаннын спорт саласын дамудагы ролы кандай деп айлайсын ?
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Eduard Popik
Попов1946
Lidburg
Ruslan Zarekovkin
eizmaylova6
baulinanatalia7201
BirUlek215
Gesper63
bk4552018345
arturo95
iivanov54
Lenamihluk50
Yelena1458
ars-trushakova
Alisa1639