Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры 1991 жылы Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқты" трагедиясымен ашылған.
Театрлық ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі, әрі бас режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ж.Омаров болды.
Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды. Онда Ш. Хұсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды.
1996 жылы театрға КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері Қалыбек Қуанышбаевтың есімі берілді.
2011 жылы 14 желтоқсанда Театр ұжымына «Мемлекеттік академиялық театр» мәртебесі берілді.
Стефаниди
18.10.2021
Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құстың кос қанаты кьірқылды, Күндей күшті күркіреген ел тынды. Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың - Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, Таралған түрік балаларын бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!