Объяснение:
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тақырыбы, мақсаты, идеясы, мазмұны жаз. Уақыт өте берді. Мұрат өсе берді... Мектеп оқушыларының жеңіл атлетикадан болған аудандық жары- сында Николай Трофимович бастап барған «Қызыл шегара» жеті жылдық мектебінің ұжымы бірінші орынға ие болды. Мұраттың да қажырлы түрде жаттығуы жемісін көрсетті, ол жүз метрге жүгіруден аудан бойынша екінші орынға ие болды. Жарыс соңынан Николай Трофимович мөлдір сулы кең арнаның жағасында шәкірттерімен әңгімелесіп отырды. – А жеңбейтін қиындық, алмайтын қамал жоқ, – деді Николай Трофимович... – Мен саған, – деді ол Мұратты нұсқап, – мынаны айтайын: орыстың атақты қолбасшысы Суворов жасында сен сияқты нәзік, аурушаң бала болған. Ол он екі, он үш жасынан бастап өзін шынықтырумен болды. – Суворов жасында мен сияқты болған ба? – деп көзін қысыңқырап Мұрат Николай Трофимовичке күле қарады. – Иә, солай. Үнемі өзін шынықтырудың нәтижесінде денсаулығы күшті, болаттай берік, төзімді болды. Солдаттарын да осылай тәрбиелеп, боранды, суық күндердегі жорықтарда бірге жаяу жүріп, қар төсеніп, мұз жастанып жүрді... Осының бәрі еңбектенудің, жаттығудың нәтижесі. Сенің де осылардың біріндей болуың мүмкін...
Объяснение:
Қай заманның болмасын, өз қиындығы, өз тартымдылығы бар. Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші!.. Оған дәлел, тарих айнасы – көркем әдебиет. Небір аласапыран кезеңдерді, аштық, соғыс, небір жылан үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмірді көз алдымызға әкелетін әдебиет емес пе? Сондай шығармалардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
«Ақбілек» - Қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен таптық тартыс кесірінен қорлық көрген қазақ қызының ауыр тағдырға берілмей, «көзі ашық, көңілі ояу» тұлғаға дейін көтерілгендігін баяндайтын туынды.
Ақбілек – ата-анасының бауырында еркелеп өскен, ауыл ішінде «Мамырбайдың Ақбілегі» болған, бір мезетте анасынан айрылса, сол мезетте өзін өлдіге санайтын оқиғаға ұшыраған, сөйте тұра тағдырға қасқая қарсы тұрған қайсар қазақ қызы. Оған дәлел – орыстың мазағынан соң жалғыз қалып, жапан түзде қасқырмен алысып, ерлікпен жеңуі. «Ақбілек аллалап, қасқыр абалап, Ақбілек сабалап» отты көзді жыртқыштармен көп алысты. Былайғы уақытта қарусыз түз жануары алпамсадай еркекке де оңай алғызбайды, ал Ақбілек еш қарусыз-ақ, «қасқыр оттан қорқады» дегенді есіне түсіріп, шоқты алаулатып жауын қуды. Осы тұста Ақбілекті қайсар, жауына оңай берілмейтін адам ретінде танимын.