ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН
Головкинді тіркелушілер саны жағынан Сәбина Алтынбекова ғана басып озады. Әлем чемпионымен тек батыс спортшылары ғана теңесе алады. Мұнымен қатар, спортшының жаңалықтарымен тек жұмыс күндері ғана бөлісетінін ескеруіміз қажет. Жеке өмірін ешкімге жарияламайды.
ИЛЬЯ ИЛЬИН
Ал әлемнің ең үздік ауыр атлетшісі Илья Ильин адамдарды үй кеңістігіне кіргізуге қорықпайды. Ол жаттығу жасап жатқан кездегі суреттерімен, отбасы мен қызының, тіпті, спорттық асының суреттерімен молынан бөліcеді. Осының арқасында ең мықты адамның кешкі асқа моцарелла мен жүгері ботқасын жегенді ұнататынын білеміз. Мұны бір жерге түртіп алайық.
АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ
Александр да отбасын өзгелерден жасырмайды. Кәсіби велошабандоз жоқ дегенде өзінің балаларының (екі егіз ұлы мен қызы) жетістіктерімен бөлісіп, оларды Instagram архивіне сақтап қояды.
ЯРОСЛАВА ШВЕДОВА
Ярослава Шведова – Твиттерде тіркелушілері көп қазақстандық танымал спортшы. Оның Instagramында да тіркелушілер өте көп. Теннисші ару турнир мен таңертеңгі жүгіру, бассейнде жүзу, марафон кезіндегі суреттерімен тұрақты түрде бөлісіп тұрады.
Фото опубликовано Yaroslava Shvedova (@slavasays) Сен 6 2015 в 11:29 PDT
СЕРІК САПИЕВ
Қазақстандық әуесқой боксшы тіркелушілерімен өміріндегі жаңалықтарымен күн сайын бөлісіп отырады. Серіктің жеке басына қатысты суреттер өте аз болса да, оларды әйгілі спортшылармен кездескен сәтін түсірген кадрлар алмастырады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Берілген сөздерден сөйлем кұрап, жаз. кім тез әрі дұрыс кұраса, сол оқушы жеңімпаз атанады. мектеп үйым партаның қасында сөмке үйдің бассейннің есік терезенің дүкеннің маңында жанында дәптер.
Берілген сөздерден сөйлем кұрап жазу.
Мектеп үйдің жанында орналасқан.
Өткен аптада мен оқушылар ұйымының төрағасы болып сайландым.
Партаның астына түсіп кеткен қаламымды алап деп, басымды ұрып алдым.
Мектептің қасында қандай балалар үйірмелері бар?
Бұл сөмкені ағам шетелден кәдесый ретінде әкеліп берген болатын.
Орталық бассейннің жұмыс кестесін білесің бе?
Біреу есік қағып тұрған сияқты.
Терезенің алдында анамның баптап өсірген гүлдері жайқалып өсіп тұр.
Бүгін дүкеннің іші санитарлық нормаларға сай тазаланды.
Ауылдың маңында терең көл бар.
Спорт сарайының жанында жақында жаңа футбол алаңы салынбақ.
Сөздікке арнап қалың дәптер бастаған жөн.