Салауатты өмір салты.
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.
Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар?
Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
《алматы телевизия мұнарасы》тақырыбына мәтін дайындаңдар. заранее
2009 жылы телемұнара сәулет ескерткіші реестріне енгізілген. Жоба бойынша телемұнарадан алты телевизиялық және төрт радиоарна ақпарат таратқан. Антенно-фидерлік трактты күрделі жөндеуден өткізу арқылы қазіргі кезде он төрт телевизиялық және он бір радиоарналар ақпарат таратады. Даму жоспарлары - сандық ақпарат таратуға көшу және қалаға сандық ақпарат тарату қызметін көрсету.
Алдағы уақытта телемұнарада қала көрінісін тамашалау алаңы ашылмақ. Оның биіктігі - 176 метр. Сөйтіп, алдағы жылы ғимарат туристерге арналған әлемдегі ең танымал нысан қатарына қосылмақшы. Әйтсе де ойластыратын мәселелер жетіп артылады. Мәселен, мұнараның сыртқы қабатын түн түгілі күндіз де айнадай жарқырап көрінетіндей етіп қаптау керек.
<><><><><><><><><>