Объяснение:
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Мәскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген. 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет аспанда жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындаған. 1989 жылы 1-ші болып авиатасымалдаушы крейсердің алаңқайшысына «МиГ-29К» реактивті ұшағын шеберлікпен дәл қондырған. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізген. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынып, 1991 жылы сәуірдің 2-сінде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы қазанның 2-сінде Байқоңырдан «СоюзТМ-13» кемесімен ұшқан. Тоқтар Әубәкіров ғарышта халықаралық экипаж мүшелерімен бірге қоян-қолтық аралап, биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды, аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өткен. Ол Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери партриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене арала.
Объяснение:
Әліби Жангелдин 1884 жылы Торғай уезі, қазіргі Қостанай облысындағы Қайдауыл жерінде дүниеге келді. Әкесі орта жүздің қыпшағынан шыққан жалшы болатын. Отбасында болды: үш ұл, қалғандары қыз бала. Өздері кедейшілік жағдайында өмір сүрді. Ерте жастан бастап Әліби білімге ұмтылғанымен, оның тұрған жерінде мектеп болмады. Бір күні Торғай кәсіптік мектебінің мұғалімі ауыл үстінен өтіп бара жатып, Әлібимен кездесіп қалды. Қолөнер мектебінің мұғалімі оның есте сақтау және тез үйрену қабілеттерінің жақсы жетілгенін байқап, мектепке шақырады. Әліби өзінің әкесімен мектеп туралы және білім алуға деген құштарлығы туралы сөз қозғағанда, ол баласын тыңдағысы да келмеді. Жас бала үйден қашуға бекінді және соған ыңғайы келетін сәтті күтті де. Көрші ауылдан Торғайға қарай бет алған керуенмен кейін жасырын ілесіп кетіп қалды. Торғайдан өзі аулында кезіктірген Ахмет Балғамбаев деп аталатын ұстазын кезіктірді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Нужно составить предложение на казахском. купия соз, табына берген, кулаккести кулы, бас котеруи. !
Табына берген купия соз