Шығарма
Күзгі бақ.
Жаздан кейін күз "патшалығы" да келіп,бар аумақты өзіне баурады.Тіпті,жайқалып тұрған әсем баққа да келіп жеткен еді.Күзді күні тек күн салқындап,ел астық жинап қысқа қамданбайды.Соған қоса күз өзінің таңғажайып сұлулығымен де қалыс қалмайды.Оны күзгі бақтың бейнесінен байқай аламыз.Күзгі баққа кіріп қалсаң,бейне бір алтын жалатылған баққа кіргендей боласың.Ағаштар да,аяғыңның асты да сары түске боялған.Арасында қызыл,қоңыр,қызыл-сары түстер де араласып,керемет пейзаж береді.Күзгі бақта әдеттігіден көп серуендей бергің келеді.Себебі,ол тек әдемілігімен ғана емес,тыныштығымен де өзіне тартады.Күннің бұлтты не суық болуы күзгі баққа түк те әсер етпейді.Бәрбір де көркем.Отырғыштардың біріне отырып алып,кітап оқып,демалғың келе береді.Шешілмеген мәселең шаш етектен болса да,күзгі баққа келіп шешім іздейсің.Шығармашылық адамдары да күзгі баққа асығады емес пе?Бұл әдемі көрініске жыр арнамау не қағаз бетіне түсірмеу мүмкін емес қой.Не дегенменде,күзгі бақ – ерекше,адамды өзіне баурайтын сиқыршы.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Эссе про мое отношение к моде, на казахском языке