denspiel
?>

7класс написать на казахском 8- 9 предложений на тему древний город казахстан

Казахский язык

Ответы

Svetlana191
Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұққағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті.
Катерина Телюкин925

ответ:Қобыланды батыр – қаһармандық символы, қазақ халқының мақтанышы. Қобда ауданы Жиренқопа жеріндегі Жалғызоба, Қособа,Бесоба - Қобыланды батырдың қалмақтармен соғысқан іздері. «Қобыланды батыр» жырындағы Қособа, Жиренкөл, Ешкіқырған, Тасбұлақ тауы, Тұшман бұлағы бүгінге дейін өзгеріссіз осылай аталды. Қобыландының бейіті – Қобда өзенінің шығыс жақ жағалауында, Жиренқопа елді мекенінің іргесінде. Бейіт беріректе қоршалып, 1995 жылы басына белгі қойылды. 2006 жылы батырдың мүрдесі қайта жерленді.

        2007 жылы Қобыланды батырға арналып салынған кесене – XXI ғасырдағы теңдесі жоқ биік әрі көрнекті архитектуралық ерекшілігі бар құрылыс. Қобыланды батыр кесенесінің аумағы мынадай:

        Дулыға пішіндес кесененің биіктігі - 17,5, ені – 12 метр. Төбесінен қарағандағы мавзолей қалқан, дулыға, садақ пішіндес архитектуралық кескінді бейнелейді. Қобыланды батырдың қайрақ тасының ұзындығы – 3 метр, ені – 60 см. Күні бүгінге дейін сақталған қобыланды қылышы осында қайралған.

        Бір замандарда батыр сүйегі жатқан жерде мазар болған. Ол мазар жөнінде 1906 жылы В.В. Карлсон, кейін Жозеф-Антуан Кастанье жазып кеткен. Мазар ерте кезден бұзылып, XX ғасырдың бас кезінде үйінді болып қалған.

        ХХ ғасырдың елуінші жылдары ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан осы бейіт басында болған. Алпысыншы жылдардың аяқ кезінде антрополог Ноэль Шаяхметов қазба жұмысын жүргізіп, Герасимов әдісімен бас сүйегіне қарап батырдың кескінін жасауды жоспарлайды.

Объяснение:

milenaochirova01017424
Басқа тілде оқу
Бақылау
Өңдеу
Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.

Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Сондықтан, өмір құбылыстарын суреттегенде оған өз қарым-қатынасын көрсетпей қала алмайды. Өз шығармасында сәулелеңген өмір шындығы туралы өз кесімін айтып, өз «үкімін» шығарады. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқарасын, таным-тапғамын, идеялық бетін айқындайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

7класс написать на казахском 8- 9 предложений на тему древний город казахстан
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Буянто1346
aynaakzhigitova
Коваленко
sanseth5
Mariya Filippov
magichands68
iracaenko153
ale-protasov
Дубровская571
ipeshindina236
office3
andreevaanastsiyao82
aleksey7800
Obukhov-Buriko
Гарик383