Табиғи апаттарды болдырмау үшін не істеу керек?
Бізді қоршаған орта: жан-ануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім. Сондықтан, менің ойымша, табиғи апаттарды болдырмау үшін табиғатты қастерлеп, аялау керек. Сонымен қатар айналамызды таза ұстап, қоқыс шашпауымыз керек.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Написать рассказ о казахского героя! на казахском языке чтоб там было имя числительное и +перевод
(1706—1781)
Құттымбетұлы - Наурызбай (1706—1781) Үлы жүз Шапырашты тайпасының Асыл руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде туған. Абылай ханның ту ұстаушы үш батырының бірі (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай).
Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы соғыспен өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Қүдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бауыры бірдей қаза болады. Наурызбайдың 1729 жылы қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген ерлігі қазақ даласына кең тараған.
Қашаннан да ханға хан, бас батырға бас батыр жекпе-жекке шығатын дәстүр. Қаскелең жорғалатып өзі майданға шықты. Ала атына мініп Наурызбай қарсы беттегенде қалмақ біткен шу ете түсті. Наурызбай салған көк сүңгі ә дегенше Қаскелеңнің жауырынынан шықты, Қаскелең жерге сылқ етіп, екі бүктеліп түсті. Бул шайқаста қазақтар жеңіске жетті.
Балқаш көлінің маңында Шамал хан мен Наурызбай жекпе-жекке шықты. Наурызбай Шамал ханды шоқпарымен бір үрғанда-ақ қүлатты. Бұл шайқаста да қалмақ қашып, қазақтар жеңіске жетті.