Біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін естен шығармауымыз керек. Сондықтан қазақ жазба әдебиеті мен ауыз әдебиетінің ғылымдық бір саласы историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт»,- деп жазған екен. Мұхтар Әуезовтей Мәшһүрдің қадір-қасиетін соншама терең түсінген қазақ аз шығар деп ойлаймыз.
Мәшһүр Жүсіптің екі томдық еңбегін жинақтап, бастыруда үлкен еңбек сіңірген Сәрсенбі Дәуітовтің еңбегіне зор баға берген қазақ әдебиетінің ақсақалы Әбділдә Тәжібаев былай дейді:
«Қазақ зиялыларының, ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевті білмейтіндер жоқ шығар. Әрі ақын, әрі ақылгөй жан ұлы Абайға ілесе шықты да осы данышпан ұстаздың ағартушылық жолын берік ұстанды, ақындық мұратын да өзіне мұрат етті.
Мәшһүрдің сөздің қадірін білуге, оны аса қасиет тұтып, бағалауға үндейтін жерлері аз емес. Өзі ақын болғандықтан да болу керек, ол жадында сақталған сөз маржандарының бірде-бірін назардан тыс қалдырмауға тырысты! Мысалы, оның қолжазбасында: «Жан бір асыранды құс. Дүние бір қапас. От, су бермесе қапаста тұрып аштан өліп қалады. Оған қорек беру керек. А қайдан тамақтан семіреді, құлақтан семіреді. Мұнан мағлұм болды, жақсы сөзге жан семіреді екен. Жанның қорегі құлақ сүйсінер сөз екен. Адам тіршілігінде, денсаулығында құлақ сүйсінерлік сөз естуге талап қылып, тырмысу керек», – делініпті. Дәл осы ой, дәл осы пікір бүкіл а ортақ. Шынында да адам жаны жақсы лебізге, әсем әнге тәтті күйге ынтық.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Менің сөз әлемім тақырыбына шагын эссе керек
Бұрынғыдай ақындардың бір-бірінің намысына тиіп сөйлеудің жоқтығын қазіргі ақындардың моральдық тұрғыдан кемелденуі деп бағалайды. Әрине, қоғамның дамуы мәдениеттілікті талап етеді және қазіргі айтыс ру айтысы емес, бүгінде өз руына артықшылық беруді қай орта болса да, төмендік деп таниды. Ал, айтыста, қалайда, жеңу керек болған соң алдындағы адамның сарылығын немесе қаралығын айту, осы деңгейдегі түрлі теңеулерді құрал ету қазірде жас талап арасында жиі кездеседі. Адамның дене бітіміндегі кемшілікті тілге тиек ету бұрыннан бар, алайда, ол кезде тиісетін ақынның сөзі де, жауап берушінің де шешендікпен қайтарар сөзі дайын болған соң айтыстың ширақтығы сезіледі