Varezka86179
?>

Разобрать слово "жанбыр" в притяжательной форме.по казахскому языку

Казахский язык

Ответы

pnat1235
2 буын 6 әріп 2дауысты 4дауыссыз
Ж-дауыссыз
А-дауысты
Н-дауыссыз
Б-дауыссыз
Ы-дауысты
Р-дауыссыз
larisau41

Еркебұлан: Алмасбек, маған

шығармашылық жұмысқа түрлі

адамдарын пікірін жинастырып, талдау

жұмысын жасау керек. 5 - 10 минут

уақытың болса, бір сауалға жауап беріп,

өз пікіріңді айтқанға қалай қарайсың?

Алмасбек: Жақсы, қандай сауал екен?

Еркебұлан: Қазақ халқында «Отан

отбасынан басталады» деген терең

мағыналы сөз бар. Осы сөздермен

келісесің бе, жалпы пікірің, көзқарасың

қандай?

Алмасбек: Иә, толықтай келісемін. Себебі,

әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі,

шағын Отан. Отбасы - әрқайсымыз үшін

сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық,

татулық орнаған қасиетті мекен. Осы

кішігірім «Отанымызда» бойымызға

дарыған тәлім - тәрбие, елімізге,

жерімізге деген сүйіспеншілік, ар -

намыс қағидалары өмір бойы бізді

жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала

тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың

қалыптасуы отбасынан бастау алады,

сондықтан да туған үйдің жылуы - оның

көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,

мәңгі есінде жүреді.

Еркебұлан: Қандай керемет жауап.

Рахмет. Жалпы, отбасында ұл бала менҚыздың тәрбиесі қандай болуы керек? Алмасбек: ата-ана тәрбиесі қатар жүретін жерде жақсы азамат қалыптасатынына күмән жоқ. сонымен бірге мен "ұлдың масқарасы - әкеде, қыздың масқарасы - анада" деген мақал туралы ойлаймын, яғни біздің халқымыз отбасында басталған ұлдар мен қыздардың тәрбиесіне үлкен мән береді. қазақ отбасында кез-келген уақытта ұл бала әкесіне қарап өседі, ал қыз анасына қарап өседі. біздің әкелеріміз балаға өнер мен еңбек, сондай-ақ жақсы моральдық қасиеттерді сіңірді. "Мен білмеймін", - деді ол. Еркебұлан: Пікіріңіз үшін көп рахмет, досым!

Dr-motoshop

Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы ресурсты кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Ақшамызды жоғалтып алсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан табуға болады. Бірақ, уақыт бір орнында тұрмайды, өз ағымымен жүріп жатады. Көп жағдайда адамдар өткен өмірлеріне кері бұрылып қарағанда, қаншама жылдарының қалай өтіп кеткенін енді ғана аңғарып жатады." Осы күнге дейін не бітірдім? Қандай мақсаттарға жеттім?"  деп өздеріне сұрақ қойып, " Қайран алтын уақытым-ай!" деп те өкінбесі бар ма. Сондықтан, әркім өз уақытын барынша тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау керек. 

Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек?

1. Өзініз ұнататын іспен айналысыңыз. Өміріміздегі жетістіктердің жартысынан астамы сүйікті істерімізбен айналысудың арқасында. Қызығушылықтарына (хобби) аз уақыт бөліп, жұмыстарына үнемі шағымданып жататын адамдар аз емес. Сондықтан, сіздің табыс көзініңіз бен сүйікті ісіңіздің арасында байланыс болғаны дұрыс.  

2. Жоспарыңыздың орындалуын тездететін істермен ғана айналысыңыз. Күнделікті жұмыстардың ішінен пайдасыз істерді алып тастаңыз. Өзіңіздің босаңсуыңызға жол бермеуге тырысыңыз. 

3. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?" Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.  

4. Егер сіздің өмір сүруіңізге 1 жылдан аз уақыт қалса, не істейсіз? Бір жылдың ішінде қандай жұмыстарды атқарар едіңіз? Осындай ойлар адамдардың өмірдегі маңызды заттар мен өмірлік мақсаттарын түсінуге септігін тигізеді. Бұл арқылы адамдар нақты  жоспар құрып, сол жоспарларды орындау жолында жұмыс істей бастайды. 

5. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі. Сонымен қатар, жоспарлар мен мақсаттарыңыздың тізімін жазып, түртіп отыратын қойын дәптердің болғаны дұрыс.

6. Алдымен бір істі бітіріп қана келесі іске көшіңіз. Бастаған ісіңізді аяқсыз калдырмаңыз.

7. Тізімді басымдылығы бойынша құру қажет. Көптеген адамдар өздеріне жақын жұмыстардан бастағанды жөн көреді. Дегенмен, күнделікті атқарылатын істердің тізімі маңыздылығы бойынша құрылатын болса, бұл адамға жоспар бойынша рет ретімен жұмыс істеуге көмектеседі. Әрбір аяқталған істерді тізімнен сызып тастауға болады.Сонда адамдар жоспарларының бір бөлігінің жасалғанын көріп, ары қарай бар күшімен жанталасуға дем береді. 

8. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз.  Күнде ұйықтар алдында өз-өзіңізге жауап берініңіз. Қандай жұмыстар орындалды, орындалмағандары болса себептерін іздеп, өз істеріңізге талдау жасаңыз.  

9. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз. Әрбір іске жауапкершілікпен қарап, бірінші реттен олжалы аяқтауға бар күшіңізді салыңыз. Бұл қателіктердің аз болуына және екі жұмыстың жасалмауына жол береді. Ең бастысы, өте мұқият болып, әр қадамыңызды тексеріп отырыңыз. Ешқашан жоспарларыңызды кейінге шегіндірмеуге тырысыңыз. "Жалқаудың ертеңі бітпес"  дегендей, әрбір кейінге қалдырылған істің ұзаққа созылуы немесе мүлдем ұмытылып қалуы мүмкін. 

10. Толыққанды жұмыс істеу үшін өзіңізге көңіл бөліңіз. Уақыт өте келе адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, сондықтан демалысқа да дұрыс уақыт бөле білу керек. Табысты аяқталған жұмыстар үшін өзін мадақтап,  біраз үзіліс бөлу керек. Бірақ, демалғанның жөнісі екен деп, бос сандалудың қажеті жоқ. Демалысқа арналған уақытты да пайдалы өткізуге болады. Мысалы, қызықты кітаптар немесе жаңалықтар оқу, спортпен айналысу. 

Бұл келтірілген әдістер уақытты тиімді пайдалану жолдарының тек қана бір бөлігі. Әрбір адам өзінің уақытын қалай өткізетіндерін бақылап, зерттеуі керек. Бұл арқылы адамдар осал тұстарын біліп, олардан құтылуға тырысады. Уақытты тиімді пайдалана білу үшін, адам ең алдымен оның маңыздылығын түсініп, әр іске шыдамдылық пен табандылықпен қарауы қажет. Өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ, сондықтан уақытты ұтымды жұмсай алатын әр адам үлкен жетістіктерге жете алады

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Разобрать слово "жанбыр" в притяжательной форме.по казахскому языку
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*