Александровна-Васильевна
?>

Описать комнату (школьную) типо в классе есть стулья и т.д на казахском языке

Казахский язык

Ответы

M19026789436
Біздің сынып кең, үлкен және таза...Сыныпта парталар, ,орындықтар және мұғалімнің үстелі бар.Сыныпта үш терезе бар.Терезе алдында әдемі гүлдер өсіп тұр.Оң жақ қабырғада сынып бұрышы ілулі тұр.
Наш класс просторный, большой и чистый.В классе есть парты, стулья, и стол учителя.В классе есть три окна.На окнах стоят красивые цветы.Справа на стене висит уголок нашего класса.
larson96
Қымыз-Шипалы сусын! Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді. «Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады. Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын! Бекем ТАЛАСБЕК Дерек пен дәйек: Қымыз — шипалы әрі жұғымды сусын. Сапы қымыз — дертке шипа, денеге күш. Қымыз жылқы терісінен тігіліп, тобылғы түтінің ысы әбден сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы “қор” деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға немесе салып,оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын самалды құйып,ыдыстың сыртын жылы орап тастайды. Қор езіліп, саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз іріктеніп кетеді) саумалды құйып, саумал әр құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырады. Қымыз ашытылатын ыдысқа қойдың сүр қазысы мен семіз жаясын салса,қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте,қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісірілген қымызды жылылап қымтап, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. Саба мен күбіні аптасына ең кемі бір рет ыстайды. Әжелеріміз күбіні киікотымен ыстаған. Киікоты піскенде оны келесі жылға жететіндей орып, кептіріп алатын болған. Дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан ескі дәм шығады. Қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғасады. Қымыз қотарғанда ыдыстың түбінде жетерлік мөлшерде қор қалуы тиіс. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне,уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Уыз қымыз — биені алғаш байлағанда ашытылатны қымыз. Мұны бие бау деп те атайды. Бал қымыз — әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндайа қымыздың түрі әдеттегідей қымыздан гөрі сары әрі қою болады. Бесті қымыз — төрттүн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз. Дөнен қымыз — үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз. Жуас қымыз — үстіне саумал құйып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болуы үшін осылай істейді. Құнан қымыз — екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады. Қысырақ қымыз — бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама билердің сүтіне қарағанда әлдеқайда қуатты болады. Оны әдетте “ту қымыз” деп те атайды. Қысырдың қымызы — бие ағытылғаннан кейін, жем- шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыстай қолда ұстап сауады. Сондықтан да бұл қымызды “қысырдың қымызы” деп атайды. Сары қымыз — шөп пісіп,биенің сүті қойылған кезде ашылатын қымыз. Жаздыкүнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады. Сірге жияр қымыз — бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады. Түнеме қымыз — ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні ( тағы бір күн асқаннан соң) қотарылатын қымыз.
Истомин441

Ана тілім

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?

Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.

Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі ең басты байлығымыз. Ана тілі ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім қазақ тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл. Бұл ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Описать комнату (школьную) типо в классе есть стулья и т.д на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

alexfold
Борисовна
Korobeinikov-Yulich23
knigi21212
Михайловна-Гусева350
modno-trikotazh
Александрович Василий
РостиславовичЮлия1147
Головин662
olgavlad199
Анатольевич-Лариса
sav4ukoxana7149
nord0764
BorgovichOA
stark11