Ағамды шақырмадым.-ағаңды шақырып кел.қонақтарды күтейік-қонақтарды қүт.жазда олар жағажайға барды.-жазда олармен жағажайға бар.тамағыңды же.-тамағыңды жеп ал.ертең біз үйді жинаймыз.-ертең біздер үйді жинап аламыз.оның мекен-жайын жаздыңба? -оның мекен жайын жазып ал.көйлекті жаңа жылға дейін тоқиын.-көйлекті жаңа жылға дейін тоқып қой.мен онда азық-түлік дүкеніне барайын.-мен азық-түлік дүкеніне барып келейін.әуелі етті пісіру керек.-әуелі етті пісір.бауырсақты қалай жасайтын көр.-бауырсақты қалай жасайтын көріп ал. көтер! - ал.
Анна Марина1873
12.01.2022
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. әдетте көп демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді. каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. неге екенін білмеймін? ! ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. олар өте жақсы , мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды. атам маған үнемі дана, ұлы ғұламалар айтқан сөздерді жиі айтып отырады. мен олардың барлыған жадымда сақтауға тырысамын. өйткені, ол сөздер ға дұрыс жол бағыттайтын сөздер. мен үшін ең ашық аспан ата-әжем тұратын ауылдың аспаны. жұлдыздар аспанда саң мыңдап түрлі пішін көрсетіп тұрған секілді. атам екеуіміз жетіқарақшыны санап, ауылдың салқын самалымен ұйықтап, шығыстан атқан күнімен бірге оянамыз. таңғы шайды тәттілеп ішіп, айраннан ұрттап, азаннан кешке дейін ауыл ойнаймын. ауылда менің достарым өте көп, біз түрлі ойын ойнаймыз.